Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шымкентте итті көлікпен сүйреген жүргізуші жауапқа тартылды

Оқиға
Шымкентте итті көлікпен сүйреген жүргізуші жауапқа тартылды

Шымкент тұрғыны итін көлігіне шынжырмен байлап, көше аралаған. Үй жануарына аса қатыгездік танытқан жүргізушінің әрекеті әлеуметтік желіде тарап кетті, - деп хабарлайды Мalim.kz тілшісі inbusiness.kz порталына сілтеме жасап.   

Оны өзге тұрғындар тоқтатып, итті азаптауға болмайтынын, полицияға хабар беріп, шағымданатынын айтты. Ал жүргізуші адамдардың қысымынан соң, итті жүк салғышқа салып алған.

Бұл жағдай бойынша Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі құқықбұзушының анықталып, полицияға жеткізілгенін мәлімдеді.

"Жүргізуші жануарға қатыгездікпен қарағаны үшін жауапқа тартылды", – делінген ведомства апаратында.

Фото: Pixabay.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу