Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Павлодарда сауда, ойын-сауық орталығында 4 жасар бала биіктен құлады

Оқиға
Павлодарда сауда, ойын-сауық орталығында 4 жасар бала биіктен құлады

Павлодарда сауда, ойын-сауық орталығында 4 жасар бала ойын алаңында 5 метр биіктен құлады, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы әлеуметтік желіде видео тарады. Ата-анасының жазуынша, «олар қауіпсіздік ережелерін сақтамаған!!! Онда балаларды апару қауіпті».

Бұл дерекке қатысты жергілікті полиция түсініктеме берді.

Полиция мәлімдеуінше, оқиға қаланың оңтүстік бөлімінде тіркелген. Кәмелетке толмаған бала жарақаттармен ауруханаға жатқызылған. Осыған байланысты, емделу аяқталғаннан кейін ауру тарихына негізделген сот-медициналық сараптама тағайындалып, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Сондай-ақ, тексеру барысында жауапты тұлғалардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі.

Фото: instagram/vseobovsem_pvl

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу