Әкім Сұлтанғазиев жұмсақ креслода отыр, ал оқушыға орындық та жоқ

Алматы облысындағы Жетіген ауылының мектебінде бастауыш сынып оқушылары сабақты тікесінен тік тұрып оқуға мәжбүр

  • 09.02.2023

Ақпарат агенттіктері таратқан хабарға қарағанда, мұндай жағдайға ашулы ата-аналар шу көтерген. Өйткені мектепте оқушы отыратын орындық жетіспейді, ал сынған жиһазды жөндеуді ата-ананың мойнына жүктеген.  

«Жағдайды айтып түсіндіру қиын. Егер қарапайым жағдайдың өзі жасалмаған болса, онда біздің балаларымыз қалай білім алады? Балалар үйге келгенде сабақтың жартысына дейін қалай түрегеп тұрып оқып, жазғандарын айтады. Бала қайтіп сабақты түсінсін, мұндай жағдайда? Ол аз десеңіз, сынған орындықты жөндеуді бізден өтінеді. Бұлай өтініш жасаулары бір түрлі емес пе!» депті ата-аналар.

Іле аудандық білім басқармасындағылар мәселемен танысыпты және оның шешілуін қадағалайтын болыпты.

Айта кетерлігі, Алматы облысындағы орындық тапшылығы бұл ғана емес. Жетісу облысы жаңарып,  Алматы облысының орталығы Қапшағайдың жағалауына көшкен кезде қала әкімдігінің ғимаратына орналасқан облыс әкімдігі  аппаратының қызметкерлері де кезінде отыратын орындық таппай қалған еді. Бірақ, шенеуніктер бұл мәселені тез шешті. Бір казиноның ғимаратын 3 миллиардтан астам теңгеге сатып алды, тағы сондай соммаға жөндеу жұмыстарын жүргізіп, көшіп кіріп алды. Қазір облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев пен оның командасы жайлы да жұмсақ креслода отыр.

Ал түрегеп тұрып сабақ оқитын бастауыш сынып балаларының мәселесі осы оқу жылында шешілмейтіндей. Қыркүйекке дейін реттейміз депті.

Жалпы, Алматы облысында елуден астам үш ауысымдық мектеп бар. Одан бөлек жүзден астам мектеп 1940 жылдары салынған бұрынғы пошта немесе контора сияқты ескі жертөле ғимараттарда білім беріп жатыр.

Есесіне облыс әкімдігінің ғимараты Қонаев қаласындағы ең әдемі ғимараттың бірі болып тұр.  

 

Біздің әлеуметтік желімізге тіркеліп, әр нәрседен мәлім болып жүріңіз:

 FacebookInstagramTelegramYou TubeТik Тok

Байланысты жаналықтар

Шелектің жолы тесік, әкімі пысық

03.08.2023

Лепстің концерті өтпейтін болды

19.06.2023

Әкім Сұлтанғазиев әкесі басқарған каналдағы делдалдарды тазартпақ

08.06.2023

Мұғалімге ескерту.34 мың теңгеден артық алма, 7 млн айыппұл!

18.05.2023

 Марат Сұлтанғазиев сияқты әкім жоқ, мақтау да, балмұздақ та артық етпейді

17.05.2023

Жаңа облыстарда үй бағасы үш айда қалай өзгерді?

21.06.2022
MalimBlocks
Шелектің жолы тесік, әкімі пысық

«Журналист келді екен деп мәселе шешіледі деп ойламаңдар».

Лепстің концерті өтпейтін болды

8 шілде күніне жоспарланған ресейлік әнші Григорий Лепс Қонаев қаласында концертін өткізбейтін болды.

Әкім Сұлтанғазиев әкесі басқарған каналдағы делдалдарды тазартпақ

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев әкім болғанына бір жылға орай бірлі-екілі ақпарат өкілдеріне мамыражай сұхбат беріпті.

Мұғалімге ескерту.34 мың теңгеден артық алма, 7 млн айыппұл!

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет оқушы, ата-анадан сыйлыққа ақша жинататын мұғалімдерді жауапкершілікке шақырып, ескерту жариялады

 Марат Сұлтанғазиев сияқты әкім жоқ, мақтау да, балмұздақ та артық етпейді

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің бүгінгі жұмыс уақыты зая кеткен жоқ. Бүгін ол тағы да бір тағайындауға қол қойды!

Жаңа облыстарда үй бағасы үш айда қалай өзгерді?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурыз күні Қазақстан халқына жолдауында үш облысты бөлу туралы шешім қабылдағанын айтып, жаңа облыс орталықтарын таныстырған еді. MalimMedia сол жаңалық шыққан күннен бастап жаңа орталықтардағы тұрғын үй бағасын салыстырып көрдік.