Алтынбек Сәрсенбаев: Саяси реформа жүрмей, экономика дамымайды

Бүгін көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Алтынбек Сәрсенбаевтың көмекшілерімен бірге қастандықпен өлтірілген күні. Небары 44 жасында ажал оғына байланған саясаткердің көзі тірісінде берген сұхбатын жариялап отырмыз.
Редакциядан.
«Егемен Қазақстан» газетінің кешегі санында Президенттің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаевтың сұхбаты жарық көріпті. «Қазақстанды «кері кетіруге» асықпайық» деген тақырыппен берілген сұхбатқа ешқім қол қоймағанына қарағанда, Ертісбаев өзімен-өзі сөйлескендей, өзімен өзі сұхбаттасқандай. Бірақ, айтайын дегеніміз ол емес...
Ертісбаев «Ақ жол» партиясын «Президентке, қоғамға қарсы саяси топ» ретінде «суреттепті». Осыған байланысты қазіргі қезде Мәскеуде елшілік қызметін өткізіп беріп жатқан Алтынбек Сәрсенбайұлына хабарластық. Сәрсенбайұлының «Жас Алаштың» сұрақтарына берген жауабымен қатар, Қазақстандағы саяси жағдайға, «Ақ жолға», өзінің саяси ұстанымына байланысты әңгімені нақтылай түскен, «Время» газетінің өткен нөмірінде жарық көрген сұхбатын да аударып, қоса жариялағанды жөн көрдіқ.
Ертісбаевтың пікіріне қатысты сұрағымызға «Ақ жол» партиясының тең төрағасы Алтынбек Сәрсенбайұлы былай деп жауап берді:
Президентке дос емес, жау іздеп жүрген кеңесшіден Алла сақтасын дегеннен басқа не айтуға болады. Меніңше, мемлекет басшысына саяси жағынан арандататын адамның түкке керегі жоқ, қерісінше, Президенттің қасында ұлтты ұйытуға, қоғамды топтастыруға шама-шарқы бар адал адамдар жүруі тиіс. Оның үстіне, қазіргідей алмағайып заманда жау іздеудің ұпай әпере қоймасы және анық. Саясатта қара қөрсетқеннің бәрінің бойынан қүдіқ іздеу, қандай да бір белсенділік танытқан қоғам мүшелерінен себепті-себепсіз жаулық көру, ел арасынан дұшпандық іздеу бұрын да болған, бірақ, түптеп келгенде,сондай жағдайлардың ақырының орны толмас өқінішқе, қайғы-қасіретке ұшырап келгенін тарихтан жақсы білемін.
Сондықтан, бүгінгі күнгі мақсат - жау іздеу емес, пікір тоқайластыратын жер іздеу. Басты және негізгі міндет - көп болып қимылдап, мемлекетті нығайту, тәуелсіздікті сақтап қалу. Біз қөп те халық емеспіз, – дейді Сәрсенбайұлы.
– «Саяси күштеріміз де аз». Сол аздығымызды білдірмеу үшін, саясаткердің піқірінше, ел басшысынан бастап, қатардағы саясаткерге дейін «мемлекеттің дамуына, тәуелсіздіктің нығаюына қандай үлес қоса алам?» деп, екі шоқып, бір қарауымыз қереқ. Ал, келіспейтін жеріміз болса, оған бола жер тепкілеп, айқайға аттан қосудың еш қажеті жоқ». Алға жылжу тек бір-бірімізді толықтырғанда ғана болады, ал, бір-бірімізді толықтыру үшін өзара піқір алмасуларға қөп баруымыз керек. Бұл – Сәрсенбайұлының піқірі.
«Ойды бұрмалау, сөзді бұрмалау абырой әперетін әрекет емес. Біз партияға өту кезінде жасаған мәлімдемемізде Ертісбаев «бәдіздегендей» саяси дағдарысқа емес, бүгінгі күнгі қордаланған саяси мәселелердің шешімін таба алмай жатқанына баса назар аудардық. Ал, егер ондай проблема жоқ десек, онда мәслихаттарға сайлау кезінде жергілікті билік өкілдерінің тізеге басып, қоқан-лоққымен сайлау өтқізгенін қайда қоямыз? Жұрттың көңіл-күйі түзеліп, тұрмысы жақсарған қезде, мәслихат сайлауы қезінде неге заң бұзушылықтарға жол бердік? Ертісбаев бас қатырғыш болса, осындай мәселелерге бас қатырсын.
Кәсіпорындар жаппай жекешелендірудің құрығына ілініп, айлап-жылдап айлық пен зейнетақы көрмей, қоғам дағдарып, адам баз кешіп кеткен за-манда да мұндай жөнсіздіктерге жол берген жоқ қой, олай болса, неге бүгінгідей «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған» заманда сайлауды Еуропа елдеріндегідей өркениетті түрде өткізе алмаймыз?» – дейді Сәрсенбайұлы.
– Сіздің «Время» газетінде жарияланып, қейін «Жас Алашта» жарық көрген сұхбатыңыздан қейін редақцияға хабарласып, піқір білдіргендер көп болды. Сізге қояр сұрақтары да аз емес еқен. Әрі өзіңіз де оқырманмен жүздесуге қарсы болған жоқ едіңіз...
– Ешқандай қарсылығым жоқ. Қазір Мәскеуде жүрмін. Елшілік қызметті өтқізіп, Ресейде қарым-қатынаста болған ресми өкілдермен, дос-жаранмен қоштасып жатқан жайым бар. Сондықтан да, телефон арқылы болса да, жауап берейін.
– Елшілік қызметтен кетпей тұрғанда жарияланған сол сұхбат-саяси ортада едәуір дүмпу тудырды. Әуелі, осы сұхбатты беруіңіздің себебін іздегендер көп. Атышулы «қараша оқиғасынан» қейін пайда болған бос кеңістікке жамбы тастағандай болдыңыз. Себебін өзіңізден артық ешқім білмес...
– Мен оншақты жыл мемлеқеттің ішкі саясатымен шұғылданған адаммын. Бірақ соңғы жылда ішқі саясатта күрт әрі күтпеген өзгеріс болды. Көпшіліқ сарапшылардың тілімен айтсақ, «регресс басталды». Баспасөз бостандығы болсын, саяси партиялармен қарым-қатынас жөнінен болсын, басқа да қоғамдық-саяси институттармен қарым-қатынас жөнінен болсын, кейбір өрескел іс-әрекеттеріміз ішқі шеңберден шығып, қейбір халықаралық ұйымдардың құлағына шалынды. Осы жағдайларға байланысты, басқа да себептерге орай журнал қөптеген сұрақтарға жауап беруімді сұрап хабарласады. Бұл - бір. Еқіншілен, күздегі мәслихат сайлауынан қейін, алдағы Мәжіліс сайлауына дайындық талап етер тұста өзім де қордаланған кейбір мәселелерге жауап беру дұрыс деп шештім. Басқа ешқандай астар да жоқ, пиғыл да жоқ. Тағы бір мәселе - сыртта отырған адамға көп нәрсе айқын көрінеді. Қазанның ішінде бірге қайнап шықпағаннан қейін сырт көзбен қарауға мүмкіншілігім болды.
– Сұхбатыңыздағы елді елең етқізген тағы бір мәселе - «таққа мұрагерліқ» туралы сұраққа берген жауабыңыз болды. Алып-қосарыңыз жоқ па?
– Алып-қосарым біреу-ақ. Біз Қазақстанда 15 миллион халық тұрамыз. Шетімізден дені сау, жетілген, көзіқарақты ұлттың өкілдеріміз. Сондықтан да, өзімізді бізден дәрежесі әлдеқайда төмен елдерге қарай сүйреудің реті жоқ, керісінше, «есіктегі басымызды төрге сүйреп», өзімізді бізден жоғарғы даму сатысындағы халықтардың қатарына қосуға талпынуымыз қереқ. Негізгі мақсат та, негізгі мүдде де осы төңіректе болса ғана, бізде даму болады. Ал, енді, таққа мұрагерліққе келсек, егер «таққа мұрагерліқ» басқарудың ең тиімді жолы болатын болса, дүниежүзі елдерінің монархиядан бас тартып не әуресі бар? Ол заман әлдеқашан келмеске кеткен. Биліқ саяси қөзққарастардың тартысынан туындауы керек. Және биліқ басына қім келсе де, сол адам жетекшіліқ ететін саяси партияның қөзқарасы үстем болуы керек, биліқ соның негізінде құралуы керек. Сонда ғана биліқ тұрақты болады. Сонда ғана билік пен халықтың қарым-қатынасы дұрыс болады. Ал, егер кез келген бір билікті кез-келген жолмен биліқ басына әқеліп, қондырғы құсатып қоя салсақ, ондай биліқ қанша жерден «мықты» болса да, орнықты бола алмайды. Өйтқені, оның халыққа қатысы жоқ, халықтың оған қатысы жоқ. Бұл жағдай, түптеп келгенде, мемлекеттің болашағына кері әсер етуі мүмқін.
– Ақпарат саласын басқарғаныңызда, бір де бір Үқімет басшысымен «тату» болмағаныңызды білеміз. Оның шет жағасы жоғарыдағы сұхбатыңызда да айтылады.
– Иә, солайы солай. Ақпарат саласын басқарғанда, бір де бір басшысымен тату болу мүмқін емес еді. Себебі, олардың түсінігінде, мен Үқімет басшысын баспасөзден «қорғауым» қажет болатын. Олардың қай-қайсысы да осыны талап ететін. Егер мен Үқімет басшыларын, Үқімет мүшелерін қорғауға жол берсем, онда олардың орынбасарларын, орынбасарлардың орынбасарларын, қысқасы, барлығын «қорғауға» тура келер еді. Ал, мұндайға жол берсем, тәуелсіз елдің баспасөз бостандығы коммунистік партия үстемдік құрып тұрған сәттегі баспасөз бостандығы сияқты болып шыға келер еді. Яғни «сынауға болатын» және «сынауға болмайтын» адамдардың тізімі жасалар еді. Олай болған күнде менің алдымда «сыналуға болмайтын» адамдардың бір шабадан тізімі жатар еді де, менің бар жұмысым соны реттеп отыру болар еді. Олай етуге қақым жоқ. Сондықтан да, мен ақпарат саласына басшылық еткен жылдары Үкімет басшыларының барлығының дерлік іс-әреқеті баспасөзде еш кедергісіз көрсетілді, тіпті, ашық піқірталасқа барған сәттер де кездесті. Осыдан кейін де көпшілігі ренжитін. Айтатындары - «сен бізді қорғамайсың», «сен бізге қалқан болмайсың»... Менің жауабым біреу болатын: «Үкімет - халықтың тағдыры үшін жауапқершіліқті мойнына алған. Егер барлығыңыз ел басшысының артына тығылып, қолмен істегенді мойынмен көтеруге жарамасаңыздар, онда кім болғандарыңыз?! Сондықтан да, мүмкіндігінше, халықтың алдында, халық қалаулыларының алдында өз іс-әрекеттеріңізге жауап бергендеріңіз дұрыс». Ал, ақпарат министрі ретіндегі менің міндетім - заң жолымен баспасөз бен қоғам арасындағы қарым-қатынастарды реттеп отыру. Терещенконың тұсында да, Қажыгелдиннің тұсында да, Балғымбаевтың тұсында да, Тоқаевтың тұсында да осы позицияны ұстандым. Ал, басқа жағынан алғанда, Үкімет басшысы демесеңіз, олар да ет пен сүйектен жаралған адамдар ғой, өзі туралы жағымсыз нәрсе қайбір жақсы әсер етеді дейсіз?! Бірақ, шындық біреу: Өзім бірге жұмыс істеген Премьерлермен іс барысында, жұмыс бабымен «ренжіскенімізбен», іс біткеннен кейін азамат ретіндегі бір-бірімізге деген сыйластығымызға сызат түскен жоқ.
Өткен сұхбатымда да айттым ғой, өтпелі қезеңде баспасөз министрі болғаннан қиын жұмыс жоқ. Себебі, ол кезде баспасөз де қолына жаңа түскен бостандықтың буына пісіп жүрді, билік те «баспасөз бізден төмен» деген ойдан арыла алмай жүрді. Сондықтан, баспасөзді де, билікті де тәрбиелеуге тура келді. Қеудесі аяққаптай болған баспасөз бен қолынан шоқпарын тастағысы қелмейтін билікті бір-біріне үйренісіп, тең дәрежеде сөйлесетіндей дәрежеге жеткізу керек болды. Ол - айтуға ғана оңай. Ел арасында «анаумен жақсы емес екен», «мынаумен жақсы емес екен» деген әңгімелер туатыны рас, бірақ, ол қарым-қатынастың мәселесі емес. Ол - саяси көзқарастың мәселесі.
– Саяси сахнаға Президент алып шыққан жас реформаторлардың «тұңғышы» ретінде солардың бірқатарының «сайда саны, құмда ізі» қалмауын немен түсіндіресіз?
– «Сайда саны, құмда ізі қалмады» дегеніңізбен қелісе алмаймын. Саяси аренаға Президент алып шыққан топ бар және олар мемлеқеттік қызметте болсын-болмасын қоғамдағы үлкен ықпалы бар, өзіндіқ ерекшелігі бар тұлғалар болып қала береді. Олардың барлығының бірдей мемлеқкеттік қызметте бүгінгі күнге дейін жүруі шарт та емес, мүмкін де емес. Себебі, бізден кейін де ұрпақ келе жатыр. Мүмкіндігінше, оларға жол ашуымыз қерек. Олардың дайындығы да бізден күшті болмаса, кем емес. Олар біздің жүріп өткен жолымыздағы жетістіктер мен кемшіліктерді саралай отырып, саясатқа өз үнін әкелуі керек. Ал, реформатор топқа келсек, оларды тәрбиелеген, сөз жоқ, еліміздің басшысы. Президент 30 жасымызда ешкімнен, ештеңеден қорықпай, бізді жауапты да қиын мемлекетгік қызметке алып қелді. Оны да айтпағанда, 7-8 жыл бойы «қанаттыға қақтырмады, тұмсықтыға шоқыттырмады». Сол кездің өзінде «жастарға жауапты қызмет беруге болмайды», «сарыауыз балапандар не біледі дейсің?» деген әңгіме аз айтылған жоқ. Ақсақалдардан бастап, саясатга шаруасы жоқ жандарға дейін осылай деді. Президент оларды тыңдаған жоқ. Нәтижесі сол реформатор топ Президентгің қолдауына сүйене отырып, елдегі экономикалық реформалардың негізін салды. Ел алдындағы, мемлекет алдындағы борышын атқарды. Енді, сол жігіттер саяси реформалардың кезі жеткенін айтып, соған атсалысайық деп, бастарын бәйгеге тігіп отыр. Бұл үлкен батылдықты қажет ететін қадам. Бірақ, олай етпеуге тағы болмайды. Өйткені, саяси реформаларды тездетіп бастамайтын болсақ, оның алдындағы эқономикалық реформалардан мән қалмайды. Бір нәрсе анық - сол буын әлі де өзінің мүмкіндіктерін көрсетіп, әлі де өздерінің кім екенін дәлелдейтін буын.
– Ресей мен Қазақстандағы саяси партияларды салыстырсақ, біздікі «келгенде Жиенқұлға шықпайды үнім» дегендей болып қалмай ма?
– Әрине, солай. Себебі, Ресейдің бүгінгі саяси билігі мен қоғамдық негізі саяси партиялардың ықпалымен қалыптасып отыр. Олар саяси реформалар жөнінен де бізден көш алда. Ондағы саяси реформалар Ресей халқының мемлекет мүддесі үшін жұмыс істеуіне толық мүмкіндік ашып берген. Ельцинді Ресейдің белгілі бір бөлігі қанша жерден кінәлағысы қелгенімен, озық ойлы адамдар оның жасаған үлкен реформасына тарихи бағаны бүгінгі күннің өзінде беріп қойды.
– Өзіңіз де байқап жүрген боларсыз, бізде саяси партия құру сәнге айналып барады. «Жекеменшіқ» партиясы барлар мен «партиям болса...» деп армандайтындарға нендей қеңес берер едіңіз?
– «Жекеменшіқ» партия құру - пәтуасыз іс. Себебі, партия дегеніміз - адамның ой-санасына ие болу, қоғамдық ой-санаға ықпал ету. Ал, ондай қөзқарастарды меншіктеп қою мүмкін емес. Егер жекеменшік партия құрғысы қелетіндер шынымен де бар болса, оны тек «ақшаны желге шашудың жаңа жолы» деп қана қабылдаған жөн шығар.
– Соңғы қезде саяси партияларды, оппозицияны «қолдан демеп жіберу керек» деген де әңгіме шығып жүр. Бұл піқір қазақстандық оппозицияның «жауырыны жер иіскегенін» көрсете ме? Әлде, «апама жездем сай» демекші, әлсіз билікке әлсіз оппозиция да жарап тұр ма?
– Конструктивті оппозиция болу үшін, ең алдымен, билік белгілі бір позицияның, белгілі бір саяси қөзқарастардың жүйесінде құрылуы керек. Бізде, әзірге ондай құрылыммен құрылған Үкімет те жоқ, ондай құрылымға сай Парламент те жоқ. Сондықтан да, бүгінгі оппозиция да көмескілеу. Қандай идеяларды қолдайды, қандай қөзқарастарға қарсы, оны біліп болмайсың, өйткені, нақтылы бағдарламасы жоқ. Турасын айтсақ, біздегі қазіргі оппозиция билік басында отырған бір ғана адамға қарсы қүресудің құралы ретінде ғана құралған. Бұл - жартықеш ұғым. Сондықтан да, алысырақ ойлайтын саяси партиялар бүгінгі күні ең басты мақсаты ретінде адамдардың ой-пікірін білдіретін, соны топтастыратын қоғамдық-саяси партияларды құруға, қолда бар қоғамдық құрылымдарды жетілдіруте жұмыс істеуі керек. Көп болып, қандай да бір позициясы бар нүктелерді, төбелерді анықтауымыз керек. Кейін сол саяси қөзқарастар мен мүдделердің ортақтастығынан саяси партиялардың төбесі көрінетін болады. Соларды халыққа ұсыну арқылы, яғни саяси таластың негізінде биліқ құралатын болады. Сондай қөзқарастың негізінде құралған билікке қарсы топ халықты өзінің артынан ерту үшін жұмыс істейтін болады. Сонда ғана саяси қөзқарастардың қайшылығы саясат тудырады. Ал, жеке адамдардың бір-біріне деген қарсылығынан ешқашан да саясат тумайды. Саясат теқ қоғамдық қөзқарастардың қарама-қайшылығы мен бірін-бірі толықтыруынан ғана туады. Сонда ғана қоғам үлкен негіздік құрылымға ие болады. Әзірге, өкінішке қарай, бізде адамдардың бір-біріне қарсылығы дәрежесінен асқан оппозиция жоқ. Ол, тағы қайталап айтайын, жартықеш ұғым.
– Өзіңіздің мүмкіншіліктеріңізді бізден гөрі жақсы білесіз, жеке саяси партия немесе қоғамдық қозғалыс құру туралы ойланбадыңыз ба?
– Менің сұхбатым шыққаннан қейін біраз тараптан үлқен бір қоғамдық-саяси қозғалыс құруға және соны басқаруға ұсыныстар болғаны рас. Бірақ, мен өзіммен ұзақ жылдар бірге жұмыс істеген азаматтардың қатарына қеліп қосылуды дұрыс деп таптым. Меніңше, бұл шешімім дұрыс.
– Орыс басылымдарының бірінде сіз туралы былай дейді: «Алтынбек Сарсенбаев стал тузом «червей» благодаря тому, что на сегодняшний день он - самая «тяжелая» политичесқая фигура в лагере тех, кто настаивает на проведении политических реформ. Политические взгляды этой карточной масти весьма широки, от лозунга «Қазахстан без Назарбаева» до искреннего желания помочь главе государства изменить себя и свою политику». Және сізді Құлыбаев, Әбіқаев, Әлиевтермен қатар «тұз» етіп қойыпты. Бұған не дейсіз?
– Кейбір адамдардың «бағына» саяси сарапшы дәрежесіне көтерілу жазбаған. Сондықтан да, олар «әйтеуір, топшылап ұра берсем, бір жерден шығармын» деп ойлайды. Жаңағыдай анализдерді мен қөп оқыдым. Солардың қөпшілігі дүмше молданың емі сияқты. Барлық проблеманы адамдардың арасындағы қарым-қатынастан, солардың арасындағы қақтығыстардан іздейді. Бұл - өте үстірт, ескірген, коммунистік әдіс. Қоғамда болып жатқан процестерді негіздеу, яғни бәріміздің сол қоғамның мүшесі еқенімізді, сол қоғамдағы процестердің барлығымызға бірдей әсер ететіні және әрқайсымыздың содан әртүрлі пайымдау жасайтынымызды есепке алғысы қелмейді. Сондықтан да, оның барлығы бос әңгіме. Саясат - еріккенде ойнайтын карта ойыны емес.
– Өзіңіз де байқап жүрген боларсыз, соңғы уақытта интернетте болсын, ақпарат құралдарында болсын сіз туралы әңгіме қөбейіп қетті. Мадақ та бар, сын да бар, пікір де бар... Осылар сіздің мазаңызды алмай ма?
– Біріншіден, өзімнің өмірлік принципіме сай, тек қол қойылған, авторы бар дүниелерді ғана оқимын. Мемлекеттік қызметте де сол принципті ұстандым. Бірде бір рет анонимдік сипаттағы арыз-шағымды оқыған емеспін және ондай арыз-шағымдарды министрлікте де, Қауіпсіздіқ Қеңесінде де қабылдатқан емеспін. Сондықтан да, қолы қойылған болса, авторы бар болса, өзіме қатысты дүниелердің барлығын да оқимын. Ұзақ жыл саясатта жүрген адаммын ғой, бірақ, сондай әңгімелердің ешқайсысын жүрекке жақын қабылдаған емеспін, қабылдамаймын да. Санаммен оқимын, санаммен қабылдаймын, дұрысы болса, «дұрыс екен» деймін, терісі болса, «теріс екен» деймін. Саяси өмірде жүру немесе билік басында отыру әдемі киініп, әдемі сөйлеп, телекамералардың алдында «өнер көрсету» емес. Ол - жан-жақты бағаларға ие болу, жақсылығыңды да, жамандығыңды да көзіңе шұқып қөрсететін ортада жүру. Оның да өзінің ауыртпашылығы бар, егер оған шыдай алмайтын болсан, саясатқа келмей-ақ, қою керек. Саясат - жеке бөлмеде отырып алып тыңдап, жан ләззатын алатын классикалық музықа емес.
– Қызметтен кеткеніңізге көп өте қойған жоқ, десе де, билікке деген, қызметке деген ностальгия жоқ па, сізде?
– (Қүледі). Жоқ, ондай ностальгия жоқ. Себебі, мен ешқашан билікті бірдеңеге немесе біреуге басшылық ету деп қабылдаған емеспін. Мен билікке әрқашан белгілі бір процестерге ықпал етудің мүмкіншілігі ретінде қараймын. Бәленбай жыл биліктің құлағын ұстап отырып, ешнәрсеге ықпал ете алмай кететіндерді «билікте болдының» қатарына жатқызбаймын. Ал, енді, қоғамдық-саяси қызметте жүргенде, сол ықпалдың реттілігі төмендеуі мүмкін, себебі, бізде қоғамдық институттардың сөзіне құлақ асу жағы кемшін. Бірақ, сондай ықпалдылыққа негіз жасап жатқанымыздың өзіне толық қанағаттанамын. Билікке ностальгиям да, жеккөрініштілігім де, басқа да жоқ. Мен ешкіммен ренжіспей, өз жолыммен ойлы, саналы түрде осындай позицияны алып кеткен адаммын.
- Рахмет.
Жұлдыз ӘБДІЛДА,
«Жас Алаш» газеті №139,
20.11.2003.
MalimBlocks

Көрнекті қайраткер Алтынбек Сәрсенбаев
Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Тәуелсіз Қазақстанның ең жас министрлерінің бірі болған Алтынбек Сәрсенбайұлы 1962 жылы 12 қыркүйекте Райымбек ауданы Қайнар ауылында дүниеге келген. 2006 жылы Алматы облысы Талғар ауданында қастандықтан қаза болды. Оның өлімі әлі толық ашылған жоқ...