Көрнекті қайраткер Алтынбек Сәрсенбаев

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Тәуелсіз Қазақстанның ең жас министрлерінің бірі болған Алтынбек Сәрсенбайұлы 1962 жылы 12 қыркүйекте Райымбек ауданы Қайнар ауылында дүниеге келген. 2006 жылы Алматы облысы Талғар ауданында қастандықтан қаза болды. Оның өлімі әлі толық ашылған жоқ...

Malim Админ

  • 15.10.2024

Алтынбек Сәрсенбаев Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат, журналист. Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (2002-2003), Ақпарат және қоғамдық келісім министрі (2004), «Ақ жол» саяси партиясының негізін қалаушылардың бірі.

2003 жылдан бастап А.Сәрсенбайұлы өз еркімен Президентке отставкаға шығуға арыз беріп, қоғамдық-саяси қызметпен айналысты. 2003 жылдың қараша айында «Ақ жол» Демократиялық партиясының ІІІ съезінде бірауыздан тең төраға болып сайланды. 2005 жылдың сәуірінен «Нағыз Ақ Жол» Қазақстан Демократиялық партиясының тең төрағасы болды.

Алтынбек Сәрсенбайұлы – бірнеше кітаптар мен монографиялар авторы, саяси ғылымдар докторы.

2006 жылдың 11 ақпанында Алтынбек Сәрсенбайұлын көмекшісі Бауыржан Байбосынов және жүргізушісі Василий Журавлевпен бірге Алматы қаласының сыртында Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы тобы офицерлерінің қатысуымен жасалған қастандықтың нәтижесінде қаза болды.

2006 жылдың 13 ақпанында сағат 11-ден 40 минут өткенде Алматы облысы Талғар ауданындағы «Көктөбе» ауылы мен «12 бригада» ауылдарының арасындағы ауыл аралық жолдың шетінен Алтынбек Сәрсенбайұлының, оның жүргізушісі (Василий Журавлёв) және күзетшісінің (Бауыржа́н Байбосы́н) мәйіті табылды.

Қоғам мүшелері мен оның достары мұны саяси тапсырыспен жасалған арнайы қастандық деп бағалады және бұл өлімге жауапты жоғарғы билік деп айтты.

Осы жылы ақпанның 20-сында Қазақстанның Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің жетекшілері – Қазақстанның Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің төрағасы Нартай Дүтбаев және оның екі орынбасары – Владимир Божко мен Қозы-Көрпеш Қарбусов, сондай-ақ «Арыстан» арнаулы жасағының командирі Сержан Қойбақов отставкаға өтініш берді.

Отставканың себебі, Қазақстанның ақпараттық агенттіктері Сәрсенбаевтың өліміне ҰҚК-нің сол кездегі қызметкерлері қатысқанын хабарлағаннан кейін туындаған айғай-шуға байланысты болды.

Кейіннен оның өліміне жауапты деген нұсқа бойынша ұзақ соттан кейін Ержан Өтембаев сотталды. Бірақ кейін өзінің өлімге еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Кейбір ақпараттар Алтынбек Сәрсенбаевты өлтіруге тапсырыс берген Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы күей баласы, марқұм Рахат Әлиев дейді. Өлімнің толық себебі әлі де ашылған жоқ.

Байланысты жаналықтар

Дос Көшім. Қазақстан Үкіметі 30 жыл бойы ауысқан жоқ

18.01.2025
MalimBlocks
Дос Көшім. Қазақстан Үкіметі 30 жыл бойы ауысқан жоқ

Олар жүйеге емес, Назарбаевқа, оның қызы Дәриға Назарбаеваға, күйеу баласына қарсы шықты.