Дос Көшім. Қазақстан Үкіметі 30 жыл бойы ауысқан жоқ

Олар жүйеге емес, Назарбаевқа, оның қызы Дәриға Назарбаеваға, күйеу баласына қарсы шықты.

Аялдар Күнтуған

  • 18.01.2025

Өткен жылдың соңында Бектенов басқаратын Үкімет ауысуы мүмкін деген сыбыс тараған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та бірнеше рет Үкіметке көңілі толмайтынын білдірген. Осыған орай www.malim.kz тілшісі саясаттануы Дос Көшімге хабарласып, пікірін білген еді.

– Елімізде 30 жыл бойы Үкімет ауысқан жоқ, – дейді Дос Көшім. – Үкімет ауысты дегенге келіспеймін. Тек жүйенің ішіндегі адамдар ауысты. Біздегі «Үкімет ауысты» деген мәселе сол топтағы адамдардың бірімен бірі ауысуы. Өз басым мұндай «картаны таратуды» «Үкімет ауысты» деп айтпас едім. Ондай терминді қолданбау керек. Жуырда Үкіметтен екі-үш министр ғана ауысты. Министр кетеді, оның орнына орынбасары келеді, оны Үкімет ауысты деуге болмайды,  бірінің орнына бірі келді деу керек. Бірақ бағыттары сол қалпы, сол тәсіл, сол топ. Үкімет ауысса да, ауыспаса да, одан ешнәрсе өзгермейді. Жалпы, жаңа бір саяси күш, Үкіметті сынап жүрген, өздерінің программасы бар, нақты ұсынысы бар топ келу керек. Сонда біз Үкімет ауысты деп айтсақ болады.

– Бізде ондай саяси топ бар ма?

– Өкінішке орай, бізде жоқ. Қазір Парламентте ЖСДП секілді «оппозиция» депутаттары шылымын шегіп, шырт түкіріп отыр. Өкінішке орай, саяси күш жоқ. «Үкіметке біз келеміз, біз былай өзгертеміз» дейтін топ мүлдем жоқ. 30 жыл бойы солай болды. Үкіметті сынайтын топ бар. Оны оппозиция дейді. Бірақ олар да сол жүйенің ішінен шыққандар ғой.

Қарап тұрсақ, Тұяқбайыңыз да, Жақияновыңыз да, Сәрсенбаевыңыз да, Нұрқаділов те – бір топтың, Назарбаев жүйесінің адамдары болды. Осы жүйені жасаған адамдар. Сондықтан екінші көзқарас, балама күш Қазақстанда жоқ. Ең қорқыныштысы, жақын арада болатын түрі көрінбейді

– Жақиянов, Сәрсенбаев бастаған топтар кезінде жүйеге ашық қарсы шықты ғой?

– Мен олай ойламаймын. Олар қарсы шыққан жоқ. Олар жүйеге емес, Назарбаевқа, оның қызы Дәриға Назарбаеваға, күйеу баласына қарсы шықты. Олар «бұларды ысырып біз келсек, қатырамыз» деді. Бірақ сол жүйені қалыптастырған, сол жүйенің тәсілімен жұмыс істейтін адамдар еді. Өздері құрған жүйенің құрбаны болды. Егер олар қоғамды өзгертеміз, әділетті жүйе жасаймыз десе, онда басқаша болар еді. Ондай нәрсе болған жоқ. Олар өздерін ысырып тастап еді, содан кейін қарсы шыға бастады. Олар билікке келеміз деді, бірақ біз жүйені өзгертеміз деген жоқ. Олар оппозициямыз дегенімен, қастарында Хасен Қожахмет, Сәбетқазы Ақатаев секілді тұтас жүйені өзгерткісі келген адамдар болмады.

– Қазіргі Үкімет мына салада жақсы иреформалар жасап жатыр, осы істеріне көңілім толады деп айта аласыз ба?

– Үкіметте сала көп қой, 20-ға жуық министрлік бар. Олардың бәрін қадағалап жүргем жоқ. Менің жақсы білетін тақырыбым – ұлтаралық қатынас пен демократиялық институт. Бұл екі бағытта ештеңе жасалған жоқ.

– Рахмет.

Фото: ult.kz

Байланысты жаналықтар

Нұрқаділовтің қызы мені пышақтап кетті - Мақпал Жүнісова

09.12.2024

«Мені қарғап, көргісі келмеген»: Мақпал Жүнісова ескерткіштің ашылуына неге бармағанын айтты

03.12.2024

Алматы облысында Заманбек Нұрқаділовтің ескерткіш-бюсті ашылды

02.12.2024

Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі өмірден өтті

22.11.2024

Көрнекті қайраткер Алтынбек Сәрсенбаев

15.10.2024

Олжас Бектенов: Үкімет экономикалық патриотизм қағидатын қатаң ұстанады

13.08.2024
MalimBlocks
Нұрқаділовтің қызы мені пышақтап кетті - Мақпал Жүнісова

Өнер иесінің айтуынша, тамырдың жанынан кескен, тыртық қалған

«Мені қарғап, көргісі келмеген»: Мақпал Жүнісова ескерткіштің ашылуына неге бармағанын айтты

Өнер иесі қызы Мереймен бірге арнайы баратынын атап өтті

Алматы облысында Заманбек Нұрқаділовтің ескерткіш-бюсті ашылды

Сонымен қатар балалар өнер мектебіне Заманбек Нұрқаділовтің есімі берілді.

Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі өмірден өтті

Бұл туралы Құралай Нұрқаділова хабарлады.

Көрнекті қайраткер Алтынбек Сәрсенбаев

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Тәуелсіз Қазақстанның ең жас министрлерінің бірі болған Алтынбек Сәрсенбайұлы 1962 жылы 12 қыркүйекте Райымбек ауданы Қайнар ауылында дүниеге келген. 2006 жылы Алматы облысы Талғар ауданында қастандықтан қаза болды. Оның өлімі әлі толық ашылған жоқ...

Олжас Бектенов: Үкімет экономикалық патриотизм қағидатын қатаң ұстанады

Үкімет отырысында Премьер-Министр осылай деді.