freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Аманат" кезектен тыс съезд өткізбек

Саясат •
"Аманат" кезектен тыс съезд өткізбек

"Аманат" партиясының кезектен тыс съезі өтеді. Бұл туралы партияның атқарушысы хатшысы Асхат Оралов хабарлады.  

"Бүгін «AMANAT» партиясының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылдың 26 сәуірінде кезектен тыс XXIII Съезді шақыру туралы шешім қабылдады.

Оған барлық өңірлерден делегаттар қатысады. Съезд онлайн форматта өтеді. Орталық аппарат филиалдармен бірлесіп дайындық іс-шараларын бастады", - деді Оралов Фейсбуктағы ресми парақшасында.

Ол, сондай-ақ, "съезд барысында «ADAL» саяси партиясының «AMANAT» партиясына қосылуы туралы" мәселе қаралатынын да жазды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу