"AMANAT" партиясының Республикалық сайлауалды штабының мүшелері Жарма ауданында

  • 27.02.2023

27 ақпан күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер Ж.Сүлейменова, Абай облысы мәслихатының депуттатығына үміткерлер Ш.Жанаева, Н.Қойжайғанов, М.Қарт, В.Бабиченко, М.Тұрсынов және Жарма аудандық мәслихаты депутаттығына үміткерлер А.Қарсақбаев, Б.Омаров, аудандық сайлауалды штаб мүшелері Шар қаласында "Қамқор локомотив" ЖШС ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында "AMANAT" партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламалары пысықталып, 19 наурыз күні өтетін ҚР Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлау науқанына байланысты үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Ұжым тарапы өз ойларымен бөлісіп, алда келе жатқан сайлау науқанына бір адамдай ат салысып, еліміздің ертеңі, жарқын болашағы үшін дауыс беретіндерін жеткізді.

Сонымен қатар депутаттыққа кандидаттар аудандық мәдениет үйінде Қалбатау ауылының тұрғындарымен, кітапхана ұжымымен, белсенді жастармен кездесті.

«AMANAT» партиясының облыстық сайлауалды штаб төрағасының орынбасары Шағангүл Жанаева сайлауалды бағдарламаға тоқталды. «Жалпы бағдарлама 2023-2027 жылдар аралығын қамтып отыр. Бағдарламада қоғамның әр саласы жеке-жеке қарастырылған. «AMANAT» партиясы, біріншіден, партия мүшелерінің барлық өңірлердегі өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге ден қояды», - деп атап өтті Шағангүл Алдамжарқызы. Сондай-ақ сайлауалды бағдарламаның ішінде Абай облысына негізделген бағдарлама турасында да сөз қозғалды. «Біздің өңірлік бағдарламамыз азаматтардың партияның қоғамдық қабылдау бөлмесіне жолдаған өтініштері, сіз бізге берген ұсыныстарыңыз негізінде жазылған. Бізде аймақтың проблемалары туралы нақты көзқарас, ойластырылған іс-қимыл жоспары бар! Біз бүкіл облыс тұрғындарының әл-ауқатын арттыру үшін жұмыс істеуге дайынбыз және сіздерді облысымызды, Қазақстанымызды бірге дамытуға шақырамыз!» - деп нақтылады сөзін сайлауалды штаб төрағасының орынбасары.

Абай облысы мәслихатының депуттатығына үміткер Мерей Қарт партияның жастарға қатысты жоспарлары мен мүмкіндіктерін атап өтті.

- Армысыздар, құрметті ағайындар, ақсақалдар! Қазақ елінің тарихында қаншама қиын кезеңдер өтті. Сол ұмытылмас кезеңдерден кейін елімізде оң өзгерістер, жарып шыққан күндей жақсы жаңалықтар орын алуда. Жаңа Қазақстанмен бірге біз де дамып, өмірден өз орнымызды табудамыз. Тарихи үрдістің бағыты мен барысы жас буынға деген қоғамның көзқарасын өзгертуге себеп болды, біртіндеп жастар туралы көзқарастар қоғамның стратегиялық дамуының қоры ретінде қалыптасты. Қазір жастар қоғамның көп бөлігін құрайды, бұл ретте жастардың мүдделерін қорғап, олардың еліміздің дамуына зор үлесін тигізуге мүмкіндік жасау мақсатында келіп тұрмын. Қазақта «Бетеге кетсе бел қалар, Бектері кетсе ел қалар, Берекең кетсе нең қалар?» деген нақыл сөз бар. Ендеше, бүкіл нәрсені біріктіретін бұл – береке. Біз береке-бірлігімізді арттырғанда ғана белгілі бір дәрежеге жете аламыз. Бұл ретте партия бағдарламасы 75% өзгеріп, жаңа қалыпқа ие болып отыр. Бұл дегеніміз «AMANAT» партиясына енгізілген жаңа ерекшеліктер жаңа мүмкіндіктер мен жаңашылдықтарға жол ашты. Ел болашағы жаңа буын қазақстандықтардың арман-мақсаттарының жүзеге асып, еліміздің дамуы үшін 19 наурыз күні әрқайсымыз өз мойнымызға жауапкершілікті алып, сайлауға қатысуға шақырамын. Өйткені, әрбір адам – өз болашағының иесі. Сіздер өз болашақтарыңызға қадамдарыңызды осындай таңдау арқылы жасайтын боласыздар, - деді Мерей Қарт.

Кездесуге жиналған тұрғындар тарапынан өңірдегі өзекті мәселелер қозғалды. Олардың ішінде шағын жинақты мектептердің жабылуы, ауған соғыс ардагерлеріне көрсетілетін көмек, жер теліміне қатысты көптеген мәселелер айтылды.

- Жарма өңірі – ежелден бірлігі мен берекесі жарасқан өңір. Сондай-ақ ақ басты ақсақалдарымыз бен ақ жаулықты апаларымыздан бастап ешқашан саяси, қоғамдық өмірден тыс қалған емес. Жоспарларыңызды тыңдай отыра, бірқатар сұрақтарды қойғым келіп отыр. Біздің өңірде бастауыш мектептерінің көпшілігін жауып тастады. Мектепке дейінгі балалар Жарма ауданының орталығына келіп оқуға мәжбүр. Ал ауа райы қолайсыз кезде тіпті сол мектепке де баруға мүмкіндік болмайды. Балалардың кедергісіз білім алуын қамтамасыз ету керек емес пе? Сондай-ақ ауыл адамдарының орташа күнкөріс деңгейі төмен, ал қажеттіліктеріне керек қаражат өздерінің бастарынан аспайды. Үйді жылытуға бәрінің қолы жете бермейді, себебі көмірдің бағасы қымбат. Бұл ретте тұрғын үйлерге неге газ тартпасқа? - деді Әди Шәріпов ауылының тумасы, зейнеткер.

Бұл сұрақтарға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Жұлдыз Сүлейменова тұшымды жауап берді.

- Әрине, осындай мәселелер ашық түрде айтылу керек. Отыз жыл ішінде айтылмай, жасырылып қалған проблемалар қоғамның наразылығын тудырары анық. Мәселелер айтылып, естілген кезде ғана оған құлақ асып, шешу жолдары іздестіріледі. Газ құбырына қатысты мәселеге келетін болсақ, бұл – біздің сайлауалды бағдарламамызда қарастырылған мәселе. 2027 жылға дейінгі партия жоспарында газ тартылатын болады. Ал шағын жинақты мектептерді жаппау мәселесіне қатысты айтатын болсақ, облысымыздағы ауылдық жерлерде 6 мың мектеп бар, оның 2 400 мектебі шағын жинақты мектептер. Мұндай мектептер жабылмас үшін біздің бағдарламада бұл мәселеде екі шешім жолы қарастырылып отыр. Біреуі  – ауылдық жерлерге мұғалімдерді тартуымыз қажет, яғни білікті жас мамандарды ауылға тарту, оларға бөлек қаражат жағдайын бекіту. Екіншісі – шағын жинақты мектептерде оқушы болмай, жабылып қалатын болса, аудан орталықтарына оқушыларды жеткізу мәселесі қарастырылып отыр. Әрине, бұдан да бөлек аудандық деңгейде өзекті мәселелер бар. Мәселен, 1200-ден 3600 балаға дейін оқытылатын ауыл мектептері де жоқ емес. Бұл мектептерге күрделі жөндеу жүргізбесек, апатты жағдайлар орын алуы мүмкін. Сондықтан біз жыл сайын бір мың мектепке күрделі жөндеу өткізуге қаражат қарастырып отырмыз. Тағы бір мәселе, бұл осы 1200-ден 3600 балаға дейін оқытылатын ауыл мектептерге жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу механизмін талап ететін боламыз. Оған мұғалімдердің біліктілігін арттыру, оқушылардың бір мезгіл ыстық тамақ алуы, сонымен қатар біздегі бастауыш сынып балаларға мемлекет тарапынан бірыңғай формамен қамтамасыз ету секілді әлеуметтік жағдайды қамтитын жобаларымыз кіреді. «Көш жүре түзеледі» демекші, отыз жыл бойы жиналып қалған мәселелер шаш етектен. Біздің мақсат – осы мәселелердің ішінде ең ауқымдыларын осы бес жыл аясында шешу. Партиямыздың ұстанымы  – «арық айтып, семіз шығу». Екі жыл депутат болған азаматша ретінде, мәселелерді шешуде, біріншіден, заңнамалық негіз керек, екіншіден, қаржы мәселесін, үшіншіден, құрылымдық жағын шешу керек екенін жақсы білеміз. Сондықтан сайлауалды бағдарламасында жоспарлы түрде өңіріміздің мәселелері қарастырылып, шешу жолдары ұсынылған партиямызды қолдауларыңызды сұраймын, - деді Жұлдыз Досбергенқызы.

Кездесу соңында Қалбатау ауылының тұрғындары жылы лебіздерін білдіріп, үміткерлерге алда келе жатқан сайлауда сәттілік тіледі.

Абай облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізім ұсынған «AMANAT» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.

 

Байланысты жаналықтар

Почему жизнь Рыскалиева удалась в Лондоне, рассказал замгенпрокурора

28.02.2024

«Ғалымдар үшін жаңа үстемақы, шығармашылық демалыс»: Аймағамбетов ғылым туралы заң жобасын таныстырды 

28.02.2024

Премьер-Министр Батыс Қазақстан облысында жұмыс сапарымен жүр

23.02.2024

Суд по делу экс-министра Мухамедиулы близится к завершению

23.02.2024

Встреча в Казани. Что Токаев сказал Путину

21.02.2024

Досаев, Касымбек и Сыздыкбеков застройщикам не указ

21.02.2024
MalimBlocks
Почему жизнь Рыскалиева удалась в Лондоне, рассказал замгенпрокурора

«Ғалымдар үшін жаңа үстемақы, шығармашылық демалыс»: Аймағамбетов ғылым туралы заң жобасын таныстырды 

Бүгін Мәжлісте Ғылым туралы заң жобасына өзгерістер мен толықтырулар бойынша Аймағамбетовтың баяндама жасады.

Премьер-Министр Батыс Қазақстан облысында жұмыс сапарымен жүр

Жылыту маусымын ескере отырып, өңір басшылығына елді мекендердің тыныс-тіршілігіне қажетті барлық жүйенің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуді ерекше бақылауда ұстау тапсырылды

Суд по делу экс-министра Мухамедиулы близится к завершению

Судебный процесс по делу бывшего директора Национального музея Казахстана, экс-министра культуры и спорта Арыстанбека Мухамедиулы близится к завершению. В пятницу, 23 февраля, прокурор Олжас Хайруллаев запросил для него 12 лет лишения свободы.

Встреча в Казани. Что Токаев сказал Путину

Президент Касым-Жомарт Токаев не сомневается в исходе президентских выборов в Российской Федерации. Об этом он сказал на встрече с президентом России Владимиром Путиным в среду, 21 февраля, в Казани.

Досаев, Касымбек и Сыздыкбеков застройщикам не указ

Застройщики не хотят прекращать незаконное строительство и возвращать земли государству даже после соответствующего решения суда. Об этом в среду, 21 февраля, заявил депутат Бакытжан Базарбек, выступая с депутатским запросом.