Армяндар неге наразы?

Malim Админ

  • 10.11.2020

Таулы Қарабақтағы бейбіт келісімге келу мен Әзербайжан жерін қайтару туралы Пашинян мәлімдемесіне армян халқы наразы.

Олар Армения парламентінің ғимаратына басып кіріп, парламент ғимарты мен Үкімет үйін қиратып жатыр.

«Гүлденген Армения» оппозияциялық партиясының депутаты Ивета Тоноянның сөзіне қарағанда, оппозиция премьер-министр Никол Пашинянның отставкаға кетуін талап етіп отыр.

«Бүгін біздің тарихымыздың ең масқара парағы жазылды. Бірнеше сағат бұрын «Гүлденген Армения» және бірнеше партия премьер-министрдің отставкаға кетуін талап етті. Осынша жасалғаннан кейін отставка Пашинян үшін аз болып тұр. Біз мұнда адамдардың ашуын басу үшін келдік. Ашуы орынды. Мұнда әкесі, бауыры, ұлы соғыста жанын берген адамдар. Қоғамның пікірімен санаспай, қаламмен қол қоя салып, жерді, Шушаны беру туралы шешім шығарды», - дейді депутат.

Наразы топ парламент ғимаратынабасып, кіріп, күзетшілерге бой бермеген. Мәжіліс залындағы мінберге шыққан армяндар Қарабақтағы әскери қимылды жалғастыруды талап еткен.

Онымен қоймай, ереуілшілдер парламент спикері Арарат Мирзоянды соққыға жыққан. Мирзоянды көліктен күшпен шығарып, реніштерін айтқан. Спикерді әскерилер қорғаған.

Никол Пашинян Ереванда бүлік жасаған барлық азамат жауапқа тартылатынын айтып, Facebook желісінде тікелей эфирге шыққан.

«Бүгінгі қылмысты ұйымдастырғандардың бәрі қатаң жазаланады», - деген Пашинян.

Естеріңізге сала кетейік, екі ел арасында 27 қыркүйек күні таңертең конфликт болған.

1991 жылы армяндар көп тұратын Таулы Қарабақ өлкесі Әзербайжаннан бөлініп, өз тәуелсіздігін жариялаған. Баку аймақты күшпен қайтаруға тырысқанда, соғыс өрті тұтанады. 1994 жылы Армения, Әзербайжан және мойындалмаған Таулы Қарабақ Республикасы татулық пртоколына қол қойған. Содан бері уақыт ара конфликт болып тұрған.

Осы жылдың шілде айында екі елдің әскерилері Карабақтан 300 шақырым жерде қақтығысып қалған. Екі мемлекеттен 18 адам қаза тапқан еді.

Байланысты жаналықтар

Орталық Азия: Геосаяси жағдайдағы Қазақстанның рөлі

19.05.2025

Армениядан қауіпті қылмыскер экстрадицияланды

16.05.2025

Әзербайжан президенті 9 мамырда Мәскеуге бармайтын болды

08.05.2025

Ереванда Абай Құнанбайұлы атындағы саябақ ашылды

19.04.2025

Армения ҰҚШҰ-ға қаржы бөлуді тоқтатты

31.03.2025

Тоқаев Арменияның сыртқы істер министрін қабылдады

27.03.2025
MalimBlocks
Орталық Азия: Геосаяси жағдайдағы Қазақстанның рөлі

Шетелдік капитал иелері алдымен Қазақстанның соңғы жылдардағы сыртқы іскерлік байланыстарына назар аударады

Армениядан қауіпті қылмыскер экстрадицияланды

Әзербайжан президенті 9 мамырда Мәскеуге бармайтын болды

Ереванда Абай Құнанбайұлы атындағы саябақ ашылды

Арменияда өтіп жатқан Қазақстанның мәдени күндері аясында Ереван қаласында Абай Құнанбайұлы атындағы саябақтың салтанатты ашылуы өтті

Армения ҰҚШҰ-ға қаржы бөлуді тоқтатты

Армения 2024 жылы ұйымды қаржыландырудан ресми түрде бас тартқан еді

Тоқаев Арменияның сыртқы істер министрін қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Арменияның сыртқы істер министрі Арарат Мирзоянды қабылдады