Әсия Төлесоваға сот үкімі шықты

Malim Админ

  • 12.08.2020

"Билік өкілін қорлап, күш қолданды" деген айып тағылған азаматтық белсенді Әсия Төлесоваға сот үкімі шықты. Медеу аудандық сотының судьясы Шәкіов оны 1 жыл алты айға бас бостандығын шектеу жазасына кесіп, айыппұл салу туралы үкім шығарды.

"Сот Әсия Төлесованы 378-баптың 2-бөлімі бойынша кінәлі деп тауып,  20 айлық есептік көрсеткіш, яғни 55 560 теңге көлемінде айыппұл салу туралы үкім етті. 380-баптың 1-бөлімі бойынша кінәлі деп тауып,  1 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына кесу туралы үкім етті", - деді үкімді оқыған судья Шәкіров.

Әсия Төлесованың бас бостандығын шектеу жазасы ол қамауға алған мерзім, яғни 8 маусымнан басталады. Үкімге сәйкес, Төлесова пробация қызметіне хабарламай, тұрғылықты жері мен жұмысын ауыстыра алмайды.  Басқа жерлерге пробация қызметінің рұқсатынсыз шыға алмайды.

Төлесова үкімге сәйкес,  жәбірленушілерге өтемақы төлеу қорына  41670 теңге көлемінде өтемақы төлеуі тиіс.

Төлесова ЛА155/20 қамау мекемесінен бостандыққа бүгін шығады.

Судья Шақыров  жәбірленушілердің жауаптары және тергеу материалдары Төлесованың кінәлі екенін дәлелдейді деді.

Прокурор Ерлан Құланбаев 11 тамыз күнгі жарыссөз кезінде Төлесованы кінәлі деп тауып, бір жылға бас бостандығынан айырып, 80 айлық есептік көрсеткіш (222 240 теңге) көлемінде айыппұл салуды сұраған.

Азаматтық белсенді Әсия Төлесованың үстінен Қылмыстық кодекстің "билік өкілін қорлау" және "билік өкіліне күш қолдану" баптары бойынша іс қозғалған. Әсия Төлесованың үстінен қылмыстық іс қозғауға оның 6 маусым күні рұқсат етілмеген митинг кезіндегі әрекеті түрткі болған. Ішкі істер министрлігіне тиесілі Polisia.kz сайты Ә.Төлесова заңсыз митинг кезінде полиция қызметкеріне қарсы күш қолданғанын жазған.

Полицей Мейіржан Тұрғанбек сотта жауап бергенде Төлесова өзін автозак алдында үш рет ұрғанын айтса, полицей Нұрбек Темірханов белсенді өзін дүкен алдында ұрып, бас киімін қағып түсірді деген. Нұрбек Темірханов, Тасқын Талдыбаев, Ернат Сабалақов, Ұлан Абиболла мен Тілек Төлегенов сот кезінде Әсия Төлесованың "гад, и ты гад! Мерзкие менты! Никто из вас не достоин носить форму!" деген сөздеріне қорланғанын айтқан.

Әсия Төлесова сотта бұл әрекетін полиция адамдарды жас-кәріге қарамай заңсыз ұстай бастағанда оларға араша түсіп, полиция өзіне күш қолданғанымен түсіндірген.

Әсия Төлесованың адвокаттары Төлесова Н.Темірхановтың бас киімін қағып түсіргенде оның басына қолы тимегенін айтты. Сондай-ақ қорғаушылар айыптау актісінде оқиға хронологиясы бұзылғанын, бас киімді қағып түсірген оқиғадан бұрын  автозак алдындағы оқиға алдымен болғанын айтып, соттағы видео бұрмаланып монтаждалғанын алға тартты. Сонымен қатар адвокаттар полицей Мейіржан Тұрғанбек автозак алдында Төлесованы азаматтық киімде ұстап, сүйрелеген адамға кедергі келтірудің орнына оған қосылып, белсендіні артынан ұстағанын айтқан.

8 маусым күні Әсия Төлесованы полиция департаментіне куәгер ретінде шақыртқан. Жауап беруге Әсия Төлесованы алып қалып, уақытша қамау абақтысына қамаған.

 

Байланысты жаналықтар

Ақтауда әйелін пышақтаған ер адам туралы тың мәлімет шықты

15.07.2024

Ақтөбеде балаларға бұрыш спрейін шашқан жасөспірім ұсталды

08.07.2024

Әсия Төлесова саяси партия құратынын мәлімдеді

18.12.2020

Әсия Төлесова: БҰҰ-ға шағымданамын

30.09.2020

Алты полицей сотқа берген Төлесова бостандыққа шықты

12.08.2020

"Мерзкие менты" деген белсенді кінәсін мойындамады

11.08.2020
MalimBlocks
Ақтауда әйелін пышақтаған ер адам туралы тың мәлімет шықты

Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды. 

Ақтөбеде балаларға бұрыш спрейін шашқан жасөспірім ұсталды

Ресейлік полицейлер жасөспіріммен профилактикалық жұмыс жүргізілетінін мәлімдеді.

Әсия Төлесова саяси партия құратынын мәлімдеді

Әсия Төлесова: БҰҰ-ға шағымданамын

Алты полицей сотқа берген Төлесова бостандыққа шықты

"Мерзкие менты" деген белсенді кінәсін мойындамады