457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Ауыл — ел бесігі», «Қалалардың шеткі аумақтарын дамыту» бағдарламалары жабылады-Жұманғарин

Мемлекеттік қаражаттың басым емес салаларға бөлініп кетуін болдырмау мақсатында, олар нақты мақсатын көрсететін заңға жеке қосымша енгізіледі. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.

Өткен жылы өңірлік стандарттар жүйесі Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарының түйінді ұлттық индикаторына енгізілді. Оның салалар бойынша көрсеткіштері мақсат, міндеті сондай-ақ іс-шаралар мен жобаларды айқындай отырып, өңірлерді дамыту жоспары бар. Жүйе 12 бағытты қарастырады. Бұл бағыттарға бюджеттік және жеке инфрақұрылым кіреді. Оның ішінде 8 бағыт жергілікті бюджет есебінен қамтамасыз етілуі тиіс шығыстарға жатады. Бұл бағыттар өңірлерді дамыту бюджетінің есебіне алынады. Жалпы сипаттағы трансферттерді жоспарлау кезінде жүргізілетін жұмысты ескере отырып, өңірлер жергілікті бюджеттің барлық деңгейіндегі өңірлік стандарттар жүйесі көрсеткіштеріне негізделеді, — деді Серік Жұманғарин Мәжілісте өткен Үкімет сағатында.

Оның айтуынша, жергілікті бюджеттер базасына бұрын нысаналы даму трансферттері және ағымдағы трансферттер есебінен қаржыландырылған республикалық бюджеттің шығыс бағыттары енгізіледі. 

Бұл дегеніміз сумен жабдықтау және су бұру объектілері, инженерлік-коммуникациялық және көлік инфрақұрылымы, тағы да басқа. Аталған шығыстардың мақсатты сипатын сақтап қалу және қаражаттың басым емес салаларға бөлініп кетуін болдырмау мақсатында, олар нақты мақсаты көрсетіліп, заңға жеке қосымша ретінде енгізіледі. Оларды жоспарлауды тиісті салалық мемлекеттік органдар жүзеге асырады. Бақылау және бағалау жұмыстарын тексеру комиссиялары жүргізеді. Мұнда біз «Ауыл — ел бесігі», «Қалалардың шеткі аумақтарын дамыту» шағын және моноқалаларда бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру тағы сол сияқты түрлі салалық бағдарламалар шеңберінде елді мекендердегі жобаларды, іс-шараларды нүктелік қаржыландырудан алшақтайтынымызды түсінуіміз керек. Осы бағдарламалар күшін жоюға қойылады, — деп түсіндірді Үкімет басшысының орынбасары.

Фото: rudnyi-altai.kz