Үкімет Астанада бір үйге тіркеуге болатын адам санын шектеуді ұсынды

Сабина Асқарқызы

  • 05.03.2025

Вице-премьер әрі ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин төменгі палатада ҚР кейбір заңнамалық актілеріне астананы және республикалық маңызы бар қалаларды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын таныстырды, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның айтуынша, қазір халық ірі қалаларда өмір сүруге ұмтылады. Бұл басқа мәселе туындауына әкеп соғып отыр.

Қазір халық ірі қалаларда өмір сүруге талпынады. Бұл пәтерлерде тұрғындардың санын шектеусіз тіркеу проблемасына апарып соқты. Тәжірибе көрсеткендей, тұрғын үй иелері үйінде нақты тұрмайтын жүздеген азаматтарды тіркеу фактілері бар, – Серік Жұманғарин.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда тұрғын үй иелері үйінде нақты тұрмайтын жүздеген азаматтарды тіркеу фактілері анықтаған. Астана қаласының пәтерлерінің бірінде 800-ден астам адам тіркелген. Жалпы айтқанда, 924 осындай мекенжай анықталған көрінеді.

Осы мәселені шешу мақсатында:

елорда аумағында тұрақты және уақытша тұратын жері бойынша тіркеу нормативін бекіту, яғни мәслихатпен алдағы уақытта бір азаматқа қанша шаршы метр тиісілі екені белгіленетін болады;

астана аумағында бір мекенжайда нормативтерден артық тіркеуге тыйым салу бойынша өзгерістер енгізу ұсынылады.

Бір пәтерге 800 адам тіркелген жайттар бар. Ол заңның бұзылғаны. Инфрақұрылымға ол әсер етеді. Сол себепті әрине, оны шектеу керек. Ішінде ерекшелігі болады. Маусымдық жұмыстарға, құрылысқа адамдар келсе әрине, оның бәрін жазу керек. Құрылысқа келсе құрылыс иесі адамдарды есепке қойып, жатақ дайындауы тиіс. Мәслихат қағидаларды дайындағанда соның бәрін жазуы тиіс, – дейді вице-министр.

Фото: pixabay

Байланысты жаналықтар

Астанада тыл ардагері парадқа кіре алмаған

08.05.2025

Астанада базардан шыққан өрт оқшауланды

08.05.2025

Дзюдо: Астанадағы Grand Slam жарысында кімдер бақ сынайды?

08.05.2025

Астанада әскери шеруді терезеден көргісі келген тұрғынға ескерту жасалды

07.05.2025

Астанада Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад қалай өтті?

07.05.2025

20 мыңға жуық әскери қызметшінің несиелері кейінге шегерілді

07.05.2025
MalimBlocks
Астанада тыл ардагері парадқа кіре алмаған

Астанада базардан шыққан өрт оқшауланды

Дзюдо: Астанадағы Grand Slam жарысында кімдер бақ сынайды?

Grand Slam жеңімпаздарына - 1000, күміс жүлдегерге — 700, ал қола медаль иегеріне 500 рейтингтік ұпай беріледі

Астанада әскери шеруді терезеден көргісі келген тұрғынға ескерту жасалды

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды

Астанада Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад қалай өтті?

20 мыңға жуық әскери қызметшінің несиелері кейінге шегерілді

Кейінге қалдырылған қарыздардың жалпы сомасы 7,5 млрд