Барша сақтықпен сайлау өтеді!

Malim Админ

  • 28.12.2020

Сайлау яғни, дауыс беру, дауыс санау күніне қатысты бас санитарлық дәрігердің тиісті қаулысы қабылданбақ. Қазір сол қаулының жобасы мен міндеттері талқыланып жатыр.  Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің жетекшісі Айжан Есмағамбетованың айтуынша, қаулы талабының 3 негізгі санаты алдын ала анықталды: біріншісі – процесті ұйымдастыруға, екіншісі – сайлаушыларға, үшіншісі – күні бойы сайлау учаскелерінде болатын адамдарға қойылатын талаптар.

«Орын жайда байланыссыз термометрия, ағындарды міндетті түрде реттеу, әлеуметтік қашықтық, бетперде тағу режимі, санитайзерлерді пайдалану, COVID-ке күдікті науқас немесе кез келген температуралық науқас анықталған жағдайда оқшаулағыш болуы керек. Сайлаушыларға қойылатын талаптар – маскалар тағу, антисептиктер қолдану және әлеуметтік қашықтықты сақтау. Эпиджағдайдың тұрақсыз екенін ескере отырып, өңірлер сайлау өткізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қызылдан сары аймаққа және жасылдан сарыға үнемі ауысып отырады, сайлау учаскелерінде ұдайы болатын адамдар санатын міндетті түрде тестілеу мәселесі қаралуда. Бұл, заңға сәйкес, сайлау комиссияларының мүшелері, бақылаушылар, сенімді адамдар. Тестілеу қызыл және сары аймақтардағы өңірлер үшін тек өңірлер бөлінісінде ғана емес, 25 желтоқсаннан бастап дауыс беру сәтіне дейін аса қауіпті аймақта болатын өңірлердегі аудандық деңгейде де міндетті болады деген мәселені қарау жоспарлануда. ПТР әдісімен COVID-19 тестін сайлау басталғанға дейін 5 тәуліктен ерте емес, яғни 5-9 қаңтар аралығында тапсыру қажет», - дейді  Айжан Есмағамбетова.

ПТР тест тегін болады. Ол үшін Денсаулық сақтау басқармасында сайлау комитетінің мүшесі, бақылаушы немесе сенімді тұлға мәртебесін растайтын құжатты көрсетіп тіркелу қажет.

«Бұл тестілеуге қолжетімділікті қамтамасыз ету, тізімдер құру, ағындарды реттеу және осы сынақтар өткізілетін зертханаларды анықтау үшін қажет. Осы шаралардың барлығы сайлау өткізу мен сайлау процесіне қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жоспарланған. Шаралар мен тәсілдер әлі де түзетілуі мүмкін. БАҚ өкілдері сайлау учаскелерінде тұрақты болмайтындығын ескере отырып, оларға ПТР тестілеу бойынша талаптар қойылмайды», - деп қорытты комитет басшысы.

 

Байланысты жаналықтар

Жаңа депутаттарды Шөкеевтің туыстары күтеді

13.01.2021

ОСК аутсайдер партиялардың ресми тізімін жариялады

12.01.2021

Оппозиция қатыспаған сайлаудың өзі әділетті өткен жоқ

11.01.2021

"Орын жоқ, дәлізде тұрыңдар". Тәуелсіз бақылаушыларға кедергі жасалды

10.01.2021

«Nur Otan» сайлауалды бағдарламасын насихаттауда

04.01.2021

Байқаушыларға қажетті жағдай жасалған

04.01.2021
MalimBlocks
Жаңа депутаттарды Шөкеевтің туыстары күтеді

ОСК аутсайдер партиялардың ресми тізімін жариялады

Оппозиция қатыспаған сайлаудың өзі әділетті өткен жоқ

"Орын жоқ, дәлізде тұрыңдар". Тәуелсіз бақылаушыларға кедергі жасалды

«Nur Otan» сайлауалды бағдарламасын насихаттауда

Байқаушыларға қажетті жағдай жасалған