Депутат мешіттерді мәдениет үйіне айналдыруды ұсынды

Елнұр Бақытқызы

  • 29.09.2021

Нұр-Сұлтан қаласында бүгін өткен мәслихат сессиясында КазГЮУ ректоры, мәслихат депутаты Талғат Нәрікбаев мешіттер мен шіркеулерді мәдениет үйі ретінде пайдаланып, олардың жанынан кітапхана ашуды ұсынды.

Ұлтаралық және конфессияраралық келісімді дамыту тақырыбына арналған мәслихат сессиясында сөйлеген Талғат Нәрікбаев Совет одағында әрбір елдімекенде мәдениет үйі болғанын еске салып, бүгінде мешіттер мен шіреулерді мәдениет үйі ретінде пайдалануға болатынын мәлімдеді.

"Қазақстан халықтары достығы үйі тек қана үйірме, концерт пен би өткізетін жер емес қой. Ұлттар арасындағы қарым-қатынасты қалай реттеу керек деген жүйелі мәселе бар. Ұсыныс мынандай: мешіт, шіркеулер мен діни үйлер –мәдениет үйлері ғой. Совет кезеңінде әрбір ауыл мен елдімекенде идеологиялық мәдениет пен ағартушылықпен айналысқан мәдениет үйлері болды. Қазіргі мешіт, шіркеулерді неге мәдениет үйі ретінде пайдаланып, онда кітапхана ашпасқа? Неге ол жерлерде діни қызметтен бөлек ағартушылық жұмысты жүргізбеске?" - дейді Нәрікбаев.

Мешіттер мен шіркеулерді мәдениет үйі ретінде пайдалану дұрыс па? Олардың жанынан кітапхана ашқан жөн бе? Malim.kz Талғат Нәрікбаевтың ұсынысы жайлы дінтанушылар мен белсенділер пікірін сұрап көрді.

"Намаз оқитын жерде домбыраны тартқызу құлшылыққа кедергі келтіруі мүмкін"

Дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы  мәдениет кең ауқымды дүние болғандықтан, кей нәрсені мешіт әлеуеті көтере алмауы мүмкін дейді. Оның үстіне елдегі мешіттердің бәрінің бірдей мәдениет үйі ретінде пайдалануға болатындай жағдай жоқ, олардың жанынан қосымша ғимараттар қарастырылмаған. Сондықтан  дінтанушының ойынша, бұл бастаманың жүзеге асуы қиын.

"Мәдениет ізгілікке, жақсылыққа тәрбиелейтін дүние болса, мешітті пайдалануға болады. Мысалы, құлшылық ететін жерден бөлек ғимаратта домбыра тартылып жатса, ол дінге қарсы келмейді. Ал бірақ мешіт ғимаратынан бөлек зал қарастырылмаса, намаз оқитын жерде домбыраны тартқызу құлшылыққа кедергі келтіруі мүмкін. Сондықтан мәдениет өте ауқымды нәрсе. Ауқымды нәрсені мешіт ғимаратына әкеп тығуды бір жағынан мешіттің әлеуеті көтере алмайды. Екінші жағынан мәдениет ауқымы кең болғандықтан, кей нәрсе мешіттің аясына сыймауы мүмкін", - дейді Қайрат Жолдыбайұлы.

Сонымен қатар Қайрат Жолдыбайұлы  зайырлы елде мешіт пен шіркеуді мәдениет үйі ретінде пайдалану бастамасына қарсы шығатын  адамдар болуы мүмкін дейді.

"Діннен үркетін адамдар бар, мешітке барсам ондағы жамағат ықпалына түсіп кетемін деген қорқыныш болуы мүмкін. Сонымен қатар дінге суық адамдар бар. Олар мешітке барғысы келмегендіктен, білімнен де қашуы мүмкін", - дейді ол.

Мешіттерде онсыз да кітапханалар бар

Ал Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Ағабек Қонарбайұлы қазір облыстық, қалалық, аудандық мешіттердің жанында онсыз да арнайы кітапхана қоры бар дейді. Оның айтуынша, сол кітапханаларға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптамасынан  өткен діни бағыттағы кітаптар мен әртүрлі басылымдар қойылған.

"Бұл кітапханаларда жамағат тек қана діни білім емес, зайырлы білімді де игеруде. Өйткені бүгінде  басылымдарымызда тек діни мәселелер ғана емес, білім, ғылым, медицина, тарих, дәстүр, салт, әдет-ғұрып саласындағы мақалалар жарияланады.  Осылайша халықтың діни ғана емес, дүниеуи білім көкжиегін кеңейтуге күш салып жатырмыз. Сондықтан қазіргі мешіттер құлшылық үйі ғана емес, білімнің, ғылымның. діни сауат ашу орталығының рөлін атқарып отыр"- дейді Ағабек Қонарбайұлы.

Сонымен қатар Ағабек Қонарбайұлының жақында ҚМДБ Хәкім Абай атындағы кітапхана ашқанын жеткізді. Бұл кітапхананы ҚМБД ызметкерлері ғана емес, басқа да азаматтар пайдаланады.

"Сондай-ақ жастар секторына мүше студенттер, астар апта сайын белгілі бір кітап оқып, соның төңірегінде талқылау өткізеді, пікір алмасады. Сондықтан мешіттер онсыз да ғылым, сауат ашу мен әдет-ғұрыптың орталығына айналған", - дейді Ағабек Қонарбайұлы.

"Депутаттың ұсынысы "атың шықпаса, жер өртенің" кері"

Ал экс-дипломат, қоғамдық белсенді Қазбек Бейсебаев астаналық мәслихат депутаты Талғат Нәрікбаевтың бастамасын "атың шықпаса, жер өртенің" кері деп бағалады.

"Зайырлы мемлекетте дін, намаз оқу, мешіттерге бару – әр адамның жеке мәселесі. Оған үкімет араласпауы керек. Сондықтан депутат неліктен ондай ұсыныс көтергенін түсінбеймін. Мешіт, шіркеу болсын, оған үкіметтің қатысы жоқ. Ал оның жанына кітапхана ашу дегенді мүлде түсінбеймін. Кезінде Совет одағында шіркеулерде мектеп, қойма болды. Ондай депутаттарға мән берудің қажеті жоқ. Қазақта "атың шықпаса, жер өрте" дейді. Бәлкім, ол өзіне назар аудартқысы келген шығар", - дейді Қазбек Бейсебаев.

Фотолар: egemen.kz, weproject.media, muftyat.kz, Қазбек Бейсебаев пен Қайрат Жолдыбайұлының әлеуметтік желідегі парақшалары

Байланысты жаналықтар

Қаңтарда оққа ұшқан 4 жасар Айкөркемнің ағасын полицейлер алып кетпек болған

25.05.2023

Тимур Данебаев, обвинявший Токаева, оказался на скамье подсудимых

24.05.2023

Қырғызстанда Күдебаевқа көмектескен 4 адам қамауға алынды

22.05.2023

Қазақстанның жері Қытайға сатылып жатыр ма? Министрлік жауабы. 

21.05.2023

Шәкәрім университетінің директорлар кеңесінде Саясат Нұрбектің өз адамдары отыр ма?!   

19.05.2023

Шәкәрім университетінің ректоры:  Министрдің кемшілікті жамай берейін деген ойы болса керек

18.05.2023
MalimBlocks
Қаңтарда оққа ұшқан 4 жасар Айкөркемнің ағасын полицейлер алып кетпек болған

Айдос Мелдехан бұл әрекетті өзіне жасалған қысым деп есептейді. Себебі ол қызының өлімін халықаралық дәрежеде тергеуді талап етіп келеді.

Тимур Данебаев, обвинявший Токаева, оказался на скамье подсудимых

Алматинский районный суд № 2 города Астаны рассматривает уголовное дело 38-летнего жителя столицы Тимура Данебаева, обвиняемого в разжигании межнациональной розни.

Қырғызстанда Күдебаевқа көмектескен 4 адам қамауға алынды

Наурыз айында таулы шекара арқылы Қырғызстанға із суытқан Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевқа қатысты Бішкекте тергеу басталды. 

Қазақстанның жері Қытайға сатылып жатыр ма? Министрлік жауабы. 

Ол сайтта арзан бағамен ашық саудаға салынып жатыр

Шәкәрім университетінің директорлар кеңесінде Саясат Нұрбектің өз адамдары отыр ма?!   

Саясат Нұрбекке тікелей қатысы бар үш адам отыруы заңға қаншалықты сай?

Шәкәрім университетінің ректоры:  Министрдің кемшілікті жамай берейін деген ойы болса керек

"Аманаттан" шыққандарды жұмыстан да шығара ма?