Діни радикализмге заңмен қатаң тыйым салатын кез жетті 

Бүгін мәжіліс отырысында депутат Қазыбек Иса  премьер министр мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасына теріс діни ағым өкілдеріне заңмен тыйым салу керек екенін айтып, сауал жолдады.

Есенжол Елекенов

  • 04.10.2023

Онда ол діни радикализмге заңмен тыйым салатын кез жетті деді. Ол 2011 жылы бұл мәселені билік те қолдағанын, бірақ Ұлттық қауіпсіздік комитеті ғана қарсы болғанын айтты.

-Билік те қолға алып, барлық министрлік пен Бас прокуратура мен Жоғары сот та қолдағанда, қай орган қарсы болды?!. Тек Ұлттық Қауіпсіздік комитеті қарсы шығып, осы тыйым салу заңға енбей қалды. Мен мұны сол уақытта Ұлттық Қауіпсіздік комитеті ұйымдастырған конференцияда  «Радикалдық теріс ағымдарға қарсы заң қабылдауға тек сіздер ғана қарсы болдыңыздар! Арамшөптің тамырын жоймаса, тек бетін ғана шапқан болса, ол қайта қаулап шыға береді. Сіздер осылай елді алдап келесіздер!» – деп, ашық айттым,-дейді депутат Қазбек Иса.

Ол бұдан кейін ”Қазақ үні” газетіне “Ұлттық қауіпсіздік комитеті - ұлтқа қауіпті комитет пе?”-деген тақырыпта мақала жазғанын айтып өтті.

-Енді сол күдігіміз кешегі Қаңтар қасіретінде расқа айналды. 2009 жылы да дін заңына өзгерістер енгізілетін болып, біз “Қазақ үні” газетінде Діни басқармамен бірігіп, заңға діни ағымдарға тыйым салатын бап енгізу мәселесін көтердік. Бірақ соның өзінде біздің сол кездегі солқылдақ билік осы тыйым салу бабын енгізе алмады. Сол кездерде  сол заңдар қабылданғанда, содан кейінгі, ақыры Қаңтардың қанды қасабына  айналған небір қайғылы оқиғалар, бір ұлттың діни теріс ағымдар арқылы екіге бөлінуі секілді қасіреттер болмас еді,-деді Қазбек Иса.

Мәжілісімен қазір  ән әлемінде, айтыста, спортта да тайраңдап жүрген жат ағымның өкілдері дінді жамылып алып, әріптестері мен әнсүйер, жанкүйерлеріне өз «салттарын» кіргізіп жатырғанын да айтты.

 -Өткен 30 жылдық теріс саясат қазақтың  «нұр» деген жалынды сөзін жағымсыз сөзге айналдырса, теріс діни ағымдар тіпті,  ең қымбат, ана деген аяулы атпен қатар аталатын «Шеше» деген қастерлі атауға қара күйе жағып, «ұстаз» деген ұлағатты ұғымның мәнін құртты. Діни теріс ағымдағылар елді екіге бөліп, мылтықсыз-ақ мыңдаған жастарымызды қазақтың қатарынан шығарып қана қоймай, ұлтты жою үшін елге қарсы қауіпті күштерге айналдырып жатыр. Дінге, тілге, жерге қарсы елбұзар теріс ағымдардың бәріне заңмен тосқауыл қойылуы тиіс! Ел үшін ең қымбат ұлтқа, адам үшін ең аяулы - Әке-Шешеге, Қазаққа  ең адал Домбыраға қарсы харам пиғылдылардың еркін тарап  жатқан ел түбіне жетер вирусын шұғыл заңмен тоқтататын кез жетті! Ұлттық мүддеміз бен дәстүрімізге, ел бірлігіне балта шауып, Мемлекетке тағы да қатер төндіріп жатқан  Діни теріс ағымдарға заңмен қатаң тыйым салу қажет! Бұдан кейін кеш болады!,-деп сөзін түйіндеді мәжіліс депутаты Қазбек Иса.
 

Байланысты жаналықтар

Қостанайда терроризмді насихаттаған ер адам ұсталды (ВИДЕО)

11.06.2024

Әлемнің әр түкпірінде түрлі экстремистік күштердің белсенділігі артып келе жатыр – Тоқаев

25.04.2024

Депутат Қазбек Иса халықаралық құжаттың орыс тілінде жасалатынына наразы

22.11.2023
MalimBlocks
Қостанайда терроризмді насихаттаған ер адам ұсталды (ВИДЕО)

Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілі жатыр.

Әлемнің әр түкпірінде түрлі экстремистік күштердің белсенділігі артып келе жатыр – Тоқаев

Оның айтуынша, біз жаһандық катаклизм белең алып, түрлі мемлекеттер арасында әскери-саяси, сауда-экономикалық текетірес, тіпті мәдени-гуманитарлық тартыс күшейіп бара жатқанына куә болып отырмыз.

Депутат Қазбек Иса халықаралық құжаттың орыс тілінде жасалатынына наразы

Парламент мәжілісінің пленарлық отырысында депутат Қазбек Иса халықаралық құжатта орыс тілі қолданылатынана наразы болды. Ол Қазақстан мен Франция арасындағы келісім шарт қазақ, француз тілінен бөлек, не себепті орыс тілінде жасалғанын түсінбей дал. Бұған ашуланған Қазбек Иса мәжілістің мінберінде баяндама жасаған Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиевке депутаттық сауал жолдады.