Депутат Қазбек Иса халықаралық құжаттың орыс тілінде жасалатынына наразы

Парламент мәжілісінің пленарлық отырысында депутат Қазбек Иса халықаралық құжатта орыс тілі қолданылатынана наразы болды. Ол Қазақстан мен Франция арасындағы келісім шарт қазақ, француз тілінен бөлек, не себепті орыс тілінде жасалғанын түсінбей дал. Бұған ашуланған Қазбек Иса мәжілістің мінберінде баяндама жасаған Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиевке депутаттық сауал жолдады. 

Есенжол Елекенов

  • 22.11.2023

- Алдымен, Алмасадам сізге рақмет айтайын деп тұрмын. Баяндамаңызды мемлекеттік тілде жасадыңыз. Осылай біздің министрлер бірте-бірте өз мемлекеттік тілін үйреніп алады деп үміттеніп отырмыз. Бұл бірінші. Екінші – былтыр 30 қарашада Франция астанасы Парижде келісім шарт жасалыпты. Ал енді келісім шарт екі тілде емес, үш тілде жасалған. Келісім жасап отырған Қазақстан мен Франция. Біз тәуелсіздік алғанымызға 32 жыл болды. Бұл жерде орыс тілінің не қажеті бар? Орыс тілінің француздарға түкке керегі жоқ. Сингапурмен жасалған келісім шартта да осылай. Бұл не үшін жасалады сонда? Біздің мемлекеттік тілді білмейтін үкімет үшін жасала ма? Қашан тоқтатылады бұл? Екі елдің келісім шартына үшінші елдің не қатысы бар?,- деді Қазбек Иса.  

Қазбек Исаның бұл сұрағына  министр Алмасадам Сатқалиев «Құжат қазақ, француз тілінде. Орыс тіліндегі нұсқа банкке, халықаралық қаржы институтына арналған. Сіз өте дұрыс айтып отырсыз. Алдағы уақытта мұны ескереміз» деп қысқа қайырды. Алайда министр бұл сөзін қазақ тілінде емес, орыс тілінде айтты.
 

Байланысты жаналықтар

Қазақстандықтар ресейлік кәсіпкердің кофеханасына бойкот жариялады

05.05.2025

1-сыныпқа қабылданған 70 пайыз бала қазақ тілінде білім алуды таңдаған

18.04.2025

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

16.04.2025

Magnum-ға қатысты дауға нүкте қойылды

10.04.2025

«Құқығым бар»: Қорғаныс министрінің орынбасары қазақ тілінде жауап беруден бас тартты

27.02.2025

Қандай пәндердің мұғалімдері әлсіз? Министр Бейсембаев ұстаздардың осал тұсын айтты

08.02.2025
MalimBlocks
Қазақстандықтар ресейлік кәсіпкердің кофеханасына бойкот жариялады

1-сыныпқа қабылданған 70 пайыз бала қазақ тілінде білім алуды таңдаған

Оқу-ағарту министрлігінің айтуынша, 1-сыныпқа 119 мың бала қабылданған

Депутат Қожаназаров өз ойын дұрыс жеткізу үшін орыс тілінде сөйлейтінін айтты

Magnum-ға қатысты дауға нүкте қойылды

Курьер мен тапсырыс беруші бір-бірімен кездескен.

«Құқығым бар»: Қорғаныс министрінің орынбасары қазақ тілінде жауап беруден бас тартты

Қандай пәндердің мұғалімдері әлсіз? Министр Бейсембаев ұстаздардың осал тұсын айтты

Бұл білім беру бағдарламалары қайта қарауды талап етеді