freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматы облысында шулы іс: басты айыпталушыға 25 жыл берілді

Қоғам
Алматы облысында шулы іс: басты айыпталушыға 25 жыл берілді
Фото: pixabay.com

Алматы облысында адам өлтіру, зорлық-зомбылық және адам ұрлау ісі бойынша үкім шықты, деп хабарлайды Malim.kz.

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты аса ауыр қылмыстар бойынша айыпталған азамат А., сондай-ақ кәмелетке толмағандар Е. мен К.-ға қатысты үкім шығарды.

Сот материалдарына сәйкес, айыпталушы А. жәбірленушінің жеке өміріне қол сұғылмаушылықты бұзып, жеке құпия мәліметтерді таратқан. Сонымен қатар оған қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағаны анықталған. Бұдан бөлек, ол жәбірленушінің туыстарының үйіне заңсыз кіріп, оларды өлтіремін деп қорқытқан.

Тергеу барысында А.-ның кәмелетке толмаған Е. мен К.-ны қылмысқа тартқаны белгілі болды. Олардың қатысуымен жәбірленушінің ағасы өлтіріліп, кейін оның баласы ұрланған.

Сот айыпталушылардың кінәсін толық дәлелденген деп таныды.

Үкімге сәйкес А. кәмелетке толмағандармен жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылып, 25 жылға бас бостандығынан айырылды, ал кәмелетке толмағандар Е. мен К. әрқайсысы 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ сот моральдық зиянды өтеу туралы азаматтық талаптарды қанағаттандырды. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу