freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Наурызда қазақстандықтарға қосымша демалыс күні беріледі

Қоғам
Наурызда қазақстандықтарға қосымша демалыс күні беріледі
Kazinform

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай наурыз айда Қазақстанда демалыс күндерінің саны артатынын айтты. Бұл туралы Malim.kz хабарлайды.

Сенаттағы брифинг барысында журналистер бұрын 30 тамыз Конституция күні ретінде атап өтілгенін алға тартып, “15 наурыз ресми демалыс күні болып жариялана ма?” деп сұрақ қойды. Шегай бұл сұраққа оң жауап беріп, тиісті норма жаңа Конституцияда бекітілгенін еске салды.

Осылайша, референдумда қабылданған Негізгі заң күшіне енгеннен кейін 15 наурыз Қазақстанда мемлекеттік мереке және ресми демалыс күніне айналады.

“Халық референдумда қабылдаған жаңа Конституция 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Конституция мәтінінің өзінде референдум өткен күн мемлекеттік мереке, яғни күнтізбедегі “қызыл күн” болып жарияланатыны қарастырылған”, – деп түсіндірді ол.

2027 жылғы наурызда Қазақстан тұрғындарын ұзақ демалыс күндері күтіп тұр. Мерекелік күндердің ауыстырылуына байланысты қазақстандықтар қосымша демалыс алады, ал ай жұмыс күндерінің саны бойынша ең қысқа айлардың біріне айналады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу