freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Мен алып бермесем, алмайды ғой": Әнші Сәкен Майғазиевтің әйелі күтпеген сөз айтып, жұртты дүрліктірді (ВИДЕО)

Қоғам
"Мен алып бермесем, алмайды ғой": Әнші Сәкен Майғазиевтің әйелі күтпеген сөз айтып, жұртты дүрліктірді (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Танымал әнші, "МузАРТ" тобының солисі Сәкен Майғазиевтің жұбайы Динара Майғазиева отбасылық өмірге қатысты айтқан пікірі әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Malim.kz.

Журналистердің "Сәкен ағаның екінші әйел алуына қалай қарайсыз?" деген сұрағына Динара Майғазиева тосын әрі ашық жауап берді. Оның айтуынша, мұндай мәселе көбіне адамның пешенесіне, яғни тағдырына байланысты.

"Жақсы сұрақ. Қуанып қалдым ғой. Ол негізі екі жақтан да емес, пешенесіне байланысты. Үлкен кісілер пешенеге байланысты деп айтып отырады ғой. Алла жазса әйел адам қалай ма, қаламай ма, бәрібір маңдайына жазылғанын көреді. Ағаң мен алып бермей, алмайды ғой", – деп келтіреді Динара Майғазиеваның сөзін ozgeris.info сайты.

Сонымен қатар, ол жолдасы Сәкен Майғазиевтің әлеуметтік желіде жиі смайлик қолдануының себебін де түсіндірді. Айтуынша, бұл – әншінің еліне деген махаббаты мен ақ ниетінің көрінісі.

Бұл жауаптан кейін желі қолданушылары түрлі пікір білдірді. Бірі Динараның сабырлы әрі мәдениетті жауабын жоғары бағаласа, енді бірі бұл мәселенің тағдырға емес, адамның өзіне байланысты екенін алға тартты. Кейбір пікірлерде "мұндай сұрақтың өзі артық", "осындай үлгілі отбасыға тіл-көз тимесін" деген қолдаулар да айтылды.

Айта кетейік, Сәкен Қордабайұлы Майғазиев – 1975 жылы Түркістан облысы, Созақ ауданында дүниеге келген. 2001 жылдан бері "МузАРТ" ансамблінің мүшесі. 2013 жылы "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағын алған.

Өнер иесі Ж. Елебеков атындағы эстрада және цирк колледжінде білім алып, кейін Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында оқуын жалғастырған. Сонымен қатар, аталған оқу орнында ұстаздық қызмет атқарады.

Жеке өміріне келсек, Сәкен Майғазиев отбасылы. Жұбайы Динара екеуі төрт баланы тәрбиелеп отыр: ұлы Әділет және қыздары Райана, Мәриям, Сәфия.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу