freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Израиль Иранның кез келген жоғары лауазымды өкілін жоюға ниетті

Әлем
Израиль Иранның кез келген жоғары лауазымды өкілін жоюға ниетті
Фото: АР

Премьер-министр Биньямин Нетаньяху мен қорғаныс министрі Исраэль Кац Израиль қорғаныс армиясына (ЦАХАЛ) нысанаға іліккен кез келген жоғары лауазымды ирандық тұлғаны жоюға рұқсат берді, бұл үшін қосымша келісім қажет емес, деп мәлімдеді Кац, деп хабарлайды Malim.kz.

«Израильдің саясаты айқын әрі нақты: Иранда ешкімнің иммунитеті жоқ, барлығы да нысанада», – деп атап өтті ол.

Сонымен қатар министр алдағы күндері израильдік әскерилер жүргізіп жатқан операцияның барлық бағытында «елеулі тосын жайттар болуы мүмкін» екенін ескертті.

Оның айтуынша, бұл әрекеттер Иранға қарсы соғысты «жаңа деңгейге шығарады».

Израиль мен АҚШ-тың Иранға қарсы соғысы басталғалы бері Иран билігінің ондаған жоғары лауазымды өкілі, соның ішінде елдің жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи қаза тапқан.

Еске салайық, бұған дейін Израиль Иранның Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әли Лариджанидің әуе соққысынан қаза тапқанын хабарлаған еді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу