freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Әсет Матаевқа шабуыл жасалды: «Әділ сөз» алаңдаушылық білдірді

Қоғам
Әсет Матаевқа шабуыл жасалды: «Әділ сөз» алаңдаушылық білдірді
Фото: “Әділ сөз” қоры

Алматыда КазТАГ ақпарат агенттігінің бас директоры Әсет Матаев қатысқан оқиғаға байланысты «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қоры алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Қор мәліметінше, Матаевқа белгісіз бір топ адам шабуыл жасап, салдарынан ол ауыр жарақат алған.

Адвокаттың айтуынша, журналистің басы жарылып, сүйектері сынған және түрлі дене жарақаттары тіркелген. Оқиға бойынша полиция «бұзақылық» бабы негізінде қылмыстық іс қозғап, қатысушылардың барлығын ұстаған.

«Әділ сөз» қоры бұл жағдай журналистің қоғамдық мәртебесін ескере отырып, ерекше назар аударуды қажет ететінін атап өтті. Ұйым сондай-ақ бұл оқиғаның журналистердің кәсіби қызметіне әсер етуі мүмкін екенін де жоққа шығармайды.

Осыған байланысты қор құқық қорғау органдарын оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, объективті әрі бейтарап тергеуге, нақты жағдайды анықтауға, келтірілген денсаулық зиянына құқықтық баға беруге және процессуалдық нормалардың сақталуын қамтамасыз етуге шақырды.

Қор өкілдері медиа саласы қызметкерлеріне қатысты кез келген зорлық-зомбылық фактісі мұқият тексеріліп, мемлекеттік органдар тарапынан ашық қаралуы тиіс екенін атап өтті. Олардың пікірінше, бұл істің әділ әрі толық тергелуі Қазақстандағы журналистердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аса маңызды.

Еске салайық, бұған дейін КазТАГ ақпарат агенттігінің директоры Әсет Матаевқа топ болып шабуыл жасалған, басына зақым келгенін адвокат Рена Керимова мәлімдеген еді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу