freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Америкалықтар асырап алған қазақ баласы 20 жылдан кейін елге оралды

Мәдениет
Америкалықтар асырап алған қазақ баласы 20 жылдан кейін елге оралды
видеодан скриншот

Америкалықтар асырап алған қазақ баласы Алекс 20 жылдан кейін елге оралды. Ол өзінің тегі мен елінің мәдениетін зерттемек. Бұл туралы Malim.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Алекс Дворниковский 2001 жылы Жезқазаған қаласында туған. 1 жасында америкалық жұп асырап алып, Пенсильвания штатының Филадельфия қаласына қоныс аударған. Сол жақта білім алып ер жеткен. Дегенмен Алекс бұрыннан туған жеріне деген махаббаты ерекше екенін жеткізді. Айтуынша, ағылшын тілін үйрету туралы ұсыныс түскенде бірден қабыл алған. 

Қазір ол арнайы бағдарламамен Қостанайға келіп, балаларға ағылшын тілін үйретіп жүр. Жігіттің негізгі мақсаты тегін анықтап, туған жерінің тарихын білу. 

“Қазақстан қатты ұнады. Халқының қонақжайлылығы мен жомарттығына тәнтімін. Мен өскен Америкада қазақтар көп болмады. Сондықтан өз елім жайлы білетінім аз еді. Қазір туған жерімді көріп-біліп, танып жатқаныма қуаныштымын”, – деді Алекс Дворниковский. 

Алекстің ағылшын тілін оқыту тәсілі балаларға да ұнайды. Қазір ол түрлі деңгейдегі төрт топқа сабақ береді. Одан бөлек, қазір қазақ тілін үйренгісі келеді. Тағы бір арманы Орталық Азияның мәдениеті мен тарихын ғылыми түрде зерттегісі келеді. 

“Орталық Азия әлі де ғылыми зерттеуді қажет етеді. Өкінішке орай әлі күнге дейін ағылшын тілінде ақпарат табу қиын. Сондықтан болашақта мұны өзгерткім келеді”, – деді ол. 

Оқыту маусымының шарты бойынша, Алекс маусым айында Америкаға қайтуы керек. Бірақ Қазақстанға қайта оралатынын алға тартты. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу