Синоптиктер су тасқынына қатысты болжамын жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
«Еліміздің батысында наурыз айының аяғында, солтүстік пен орталықта сәуір айының басында, шығысында сәуірдің аяғында өзендерде су тасқыны басталады деп күтудеміз», - деді «Қазгидромет» МКК бас директорының бірінші орынбасары Әсет Қалиев.
Оның айтуынша, еліміздің бірқатар өңірлерінде, әсіресе солтүстік пен шығыста топырақ ылғалдылығының жоғарылауы байқалуда, бұл ретте аумақтың басым бөлігінде топырақтың айтарлықтай қатуы сақталып, кейбір аудандарда мұз қабаты қалыптасқан.
«Қазақстанның бірқатар өңірлерінде, атап айтқанда елдің солтүстігі мен шығысында топырақ ылғалдылығының жоғарылауы байқалады. Дегенмен, бүкіл аумақтың басым бөлігінде қатты мұз қатуы сақталады, ал кейбір аудандарда мұз қыртысының түзілуі тіркелді», - деп түсіндірді Қалиев.
Ол сондай-ақ, су тасқыны қаупі әртүрлі аймақтарға арналған болжамды жариялады.
«Тәуекел деңгейі жоғары өңірлер – Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Абай облыстары; орташа тәуекелді өңірлер – Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Түркістан, Алматы, Жетісу, Ұлытау облыстары, ал тәуекел деңгейі төмен өңірлер – Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Жамбыл және басқа облыстар», - деп атап өтті ол.
«Қазгидромет» өкілі атап өткендей, наурыз айының басынан бастап ведомство тұрақты болжамдар жариялауда.
«7 наурыздан бастап «Қазгидромет» апта сайын Қазақстанның әр облысы бойынша судың ең жоғарғы деңгейі, ағын көлемі және тасқынның шыңдалу мерзімі көрсетілген болжамдарды шығарып тұрады», – деп түйіндеді Қалиев.