freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жазықсыз адам бөтен біреудің қылмысы үшін 19 жыл түрмеде отырып шықты

Әлем
Жазықсыз адам бөтен біреудің қылмысы үшін 19 жыл түрмеде отырып шықты
depositphotos.com

АҚШ-та жазықсыз ер адам бөтен біреудің қылмысы үшін 19 жыл түрмеде отырып шықты, деп хабарлайды Malim.kz.

New York Post басылымының жазуынша, 61 жастағы Кеннет Уиндли 2005 жылы анасына ас үй плитасын сатып алу кезінде ұсталған. Ол 550 долларлық ақша аударымы чегін пайдаланған. Кейін бұл чек 70 жастағы Джеральд Россқа жасалған қарақшылық шабуыл кезінде ұрланғаны анықталған.

Қылмыскерлер қарияға шабуыл жасап, оны тұншықтырып, ақша, чек және банк кітапшасын алып кеткен. Ал Уиндли бұл чекті басқа адамдардан арзан бағамен сатып алғанын бірден мойындаған. Ол сатушылардың чек заңды екенін айтқанын жеткізген.

Уиндли тергеушілерге чек сатқандардың сипаттамасын бергенімен, жәбірленуші Росс оны қылмыскер ретінде танып көрсеткен. Соның нәтижесінде 2007 жылы ер адам бөтен біреулердің қылмысы үшін 20 жылдан өмір бойына дейінгі мерзімге сотталып, түрмеге жабылған. Ал нақты қылмыскерлер сол кезде анықталмаған.

Көп жыл өткен соң әділдік орнады. Уиндлидің досы жеке детективтерді жалдап, шынайы қылмыскерлерді тапқан. Олар өз кінәларын мойындап, Уиндлидің бұл іске қатысы жоқ екенін растаған. Қазір олар 2005-2006 жылдары жасаған бірқатар қарақшылық әрекеттері үшін жазасын өтеп жатыр.

Соттан босап шыққан Уиндли:

"Бұл маған өмірімнің 20 жылына тұрды. Бірақ ақиқат ашылды – ең бастысы осы", – деп мәлімдеді.

Бұған дейін Лениннің мәйітін зерттеуге барып, зиратына кірген үш жоғары деңгейлі маман кейіннен күмәнді жағдайда қайтыс болғанын жазған едік.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу