freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақтөбеде жалған медициналық анықтама сатқан медбике ұсталды

Қоғам
Ақтөбеде жалған медициналық анықтама сатқан медбике ұсталды
Ақтөбе облыстық ПД

Медбике медициналық анықтаманы 5 000 -10 000 теңгеге сатып отырған. Одан бірнеше дәрігердің жалған мөрі табылды, деп хабарлайды Malim.kz kazinform.kz-ке сілтеп. 

Ақтөбе облыстық ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы медбикені емхана ішінде ұстады. Ол барлығы 40 адамға құжат жасап үлгерген.

Күдікті танысымен алдын ала сөз байласып, жалған медициналық құжаттарды (№ 075, № 086 анықтамалары және кітапша-ред.) дайындау және сатуды ұйымдастырған. Сөйтіп міндетті зертханалық және бейінді мамандардың медициналық тексерулерінен өткізбей-ақ жалған медициналық анықтамалар рәсімдеп отырған. Мұндай құжаттарды рәсімдегені үшін олар 5 000 — 10 000 теңге ақшалай сыйақы алып келген. Қазіргі уақытта осындай анықтамаларды сатып алған 40 азамат анықталды. Жұмыс кабинетінде жүргізілген тінту барысында «Дерматолог», «Лаборатория», «Жарамады/Годен», «Реакция микропреципитации экспресс методом» және «Анықтамалар үшін» деген жазулары бар жалған мөрлер табылып, тәркіленді, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі кезде тергеу жүріп жатыр.

Айта кетейік, Қызылорда облысының прокуратурасы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметіне тексеру жүргізу барысында лауазымды тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасау фактісін анықтады. Мемлекеттік қызметші жұмыста болмаған себебін жасыру және жұмыстан қалуын заңдастыру мақсатында басшылыққа жалған уақытша еңбекке жарамсыздық парағын ұсынған. Тергеу барысында құжаттың жалған екені және оны Сырдария аудандық ауруханасының дәрігері дайындағаны анықталған. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу