Еуразиялық үкіметаралық кеңесте не айтылды?

Осы жылы ЕАЭО туралы шартқа қол қойылғанына 10 жыл толады. Бұған мүше мемлекеттердің өзара саудасы 2015 жылдан 2022 жылға дейін 2 есеге өсіп, $85 млрд-қа жеткен. Бұл туралы Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңесте үкімет басшысы Әлихан Смайылов мәлімдеді. 

Malim Админ

  • 02.02.2024

 -Өткен жылғы маңызды оқиға “Еуразиялық экономикалық жол” декларациясының қабылдануы болды. Бұл құжат еуразиялық кеңістіктегі алдағы бес жылға арналған интеграциялық процестердің негізгі бағыттарын айқындайды. Декларацияны іске асыру біздің экономикаларымыздың дамуы үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді. Нақты экономикалық жобаларды іске асыру үшін барынша күш салу қажет,- деді кеңес отырысында Әлихан Смайылов.   

Ол ЕАЭО Шығыс пен Батыстың, Солтүстік пен Оңтүстіктің қиылысында орналасқандықтан осы аймақты бәсекелестікке қабілетті ететін негізгі артықшылық екенін айтты.

-Қазақстан транзиттік көлік инфрақұрылымын дамытуға ерекше мән береді. Соңғы 15 жылда біздің еліміз осы мақсаттарға $35 млрд-тан астам қаражат бөлді. Ляньюньган қаласында логистикалық орталық, “Қорғас” құрғақ порты, “Батыс Еуропа – Батыс Қытай” транзиттік магистралі, Қытайдан Иранға теміржол дәлізі іске қосылды. Каспий теңізінің “Құрық” және “Ақтау” порттарына жаңғырту жүргізілді, -деді перемьер-минстр.

Әлихан Смайылов өнеркәсіптік кооперациядағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында биылдан бастап бірлескен жобаларға қаржылай көмек көрсету тетігі іске қосылатынын атап өтті. Бұл стратегиялық жобаларды іске асыруға, бизнес бастамаларын тиімді ілгерілетуге, өзара инвестицияларды арттыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беретінін жеткізді.

-Ірі өнеркәсіптік кооперациялық жобаларды іске асыру ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің технологиялық әлеуетін дамытуды қамтамасыз етеді. Бірлескен бастамаларды қаржылық қолдау құралдарын одан әрі кеңейту маңызды деп санаймын, - деді Смайылов.

Жиында Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин ЕАЭО елдерін Иранмен еркін сауда туралы келісімнің күшіне енуі үшін қажетті процедураларды жеделдету қажеттігін айтты.

-Өткен жылдан бері Иранмен еркін сауда келісіміне қол қойылды.  Оны жүзеге асыру біздің компанияларға осы елдің нарығын қамтамасыз ету үшін кең мүмкіндіктер ашады. Бұл жерде құжаттың заңды күшіне енуі үшін қажетті процедураларды жедел орындау керек,-деді Мишустин.
Оның айтуынша, Моңғолиямен уақытша еркін сауда келісімі бойынша, сондай-ақ Вьетнаммен қолданыстағы келісімді жетілдіру мәселелері пысықталуда. Мысырмен де диалог айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілген. БАӘ және Индонезиямен келіссөздер жүргізілуде.

 -Барлығы еуразиялық тауарларды ең перспективалы, премиум нарықтарға, достық мемлекеттерге қайта бағдарлау жағдайында ерекше маңызды,-деп сөзін қорытындылады Михаил Мишустин.
Отырыс соңында қатысушылар бірқатар құжатқа қол қойды.

Айта кетейік, жиынға Арменияның үкімет басшысы Никол Пашинян, Беларусь премьер-министрі Роман Головченко, Ресей үкімет басшысы Михаил Мишустин, Қырғызстан министрлер кабинеті төрағасының бірінші орынбасары Адылбек Қасымалиев және ЕЭК алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев қатысты.

Фото: Үкімет телеграм арнасынан алынды

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

16.04.2025

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

16.04.2025

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

16.04.2025

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

15.04.2025

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

15.04.2025

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

15.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директоры Даниил Шулейконы қабылдады

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

Астанада Қауіпсіздік кеңесінің жұмыс отырысы өтті

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аумақ тұтастығы туралы ұстанымына қарсы екенін айтқан еді. Саясаттанушы Ғазиз Әбішев бұл мәселеге қатысты пікір білдірді

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады