Илон Масктің мақаласы Германияда дау тудырды

Malim Админ

  • 30.12.2024

Фото: РИА новости

Илон Маск Die Welt газетінде жазған мақаласында Германиядағы оңшыл популистік «Германия үшін балама» (AfD) партиясын қолдайтынын ашық жазды. Ол саяси плюрализмнің маңыздылығын атап өтіп, дәстүрлі саяси күштерді сынға алды, дәстүршілдер пікірін ашық білдірген халықтың бір бөлігін елемейді дейді Маск.

Маск адамдар өз көзқарастарын жазалаудан қорықпай білдіре алуы қажет екенін айтады. Маск мақаласында Германияның миграция, экономика және сыртқы саясат мәселелерін де қозғап, бұл түйткілдерге қатысты теңгерімді тәсілді ұсынды.

Масктың қолдауы Германияда үлкен пікірталас туғызды, себебі «Германия үшін балама» партиясы миграция мен еуроинтеграция мәселелері бойынша өздерінің радикалды ұстанымдарына байланысты сынға жиі ұшырайды.

Илон Маск саяси плюрализмнің маңызды екенін бірнеше рет мәлімдеген. Оның пікірінше, адамдар өз көзқарастарын ашық түрде білдіре алуы тиіс және саяси жүйе түрлі пікірлер мен көзқарастарды қабылдауға дайын болуы қажет. Ол адамдардың өз ойын айтуы, әсіресе оппозициялық пікірлердің болуы демократияның негізі екеніне сенеді. Маск дәстүрлі саяси күштердің кейде адамдардың немесе әлеуметтік топтардың пікірлерін елемейтінін немесе басып тастайтынын сынға алады.

Ол сондай-ақ әлеуметтік желілерде, әсіресе Twitter-де сөз бостандығын қорғауды жақтайтын пікірлерін үнемі жариялап отырады, өзінің саяси плюрализмді қолдайтынын білдіреді. Масктың пікірінше, шектеулер мен цензура адам құқықтарын бұзады және қоғамдағы еркін пікір алмасуға кедергі келтіреді. Сондықтан ол саясатта әртүрлі көзқарастардың болуын, соның ішінде оппозициялық күштердің де өз пікірлерін білдіре алатын мүмкіндіктері болуы керектігін жиі айтады.

Илон Маск Tesla және SpaceX сияқты компаниялары арқылы әлемдегі ең бай адамға айналған.

Байланысты жаналықтар

Илон Маск Ақ үйден кететін болды

01.04.2025

Tesla компаниясына жасалған шабуылдар терроризмге теңестіріледі

22.03.2025

Илон Маск: Starlink ешқашан Украинадағы терминалдарын өшірмейді

10.03.2025

Илон Маск: Reuters өтірік айтатын басылым

23.02.2025

Маск СhatGTP-ден ақылды жасанды интеллекті жүйесін іске қоспақ

17.02.2025

Илон Маск Tik-Tok-қа қызықпайтынын мәлімдеді

10.02.2025
MalimBlocks
Илон Маск Ақ үйден кететін болды

Tesla компаниясына жасалған шабуылдар терроризмге теңестіріледі

Илон Маск: Starlink ешқашан Украинадағы терминалдарын өшірмейді

Илон Маск: Reuters өтірік айтатын басылым

Маск СhatGTP-ден ақылды жасанды интеллекті жүйесін іске қоспақ

Илон Маск Tik-Tok-қа қызықпайтынын мәлімдеді