457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Илон Масктың мәлімдемесі ғарыш саласын дүрліктірді

NASA мен АҚШ Қорғаныс министрлігі Илон Масктың мәлімдемесінен кейін оның бәсекелестеріне халықаралық ғарыш бағдарламаларын қамтамасыз ету бойынша жұмысты жеделдетуді сұрады, деп хабарлайды Malim.kz Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.

Бұған Масктың АҚШ президенті Дональд Трамппен болған ашық келіспеушілігі себеп болған. Ол Трамптың мемлекеттік келісімшарттардан шеттету туралы ниетіне жауап ретінде Crew Dragon кемелерін пайдаланудан шығаратынын мәлімдеген еді. Кейінірек кәсіпкер бұл шешімінен бас тартқанымен, оның сөздері NASA-ны "қатты алаңдатты".

Басылым дереккөздерінің мәліметінше, NASA аталған жағдайдан кейін кемінде үш компанияға – Rocket Lab, Stoke Space және Джефф Безосқа тиесілі Blue Origin-ге ресми түрде жүгінген. Сонымен қатар, Sierra Space компаниясының өкілдері NASA қызметкерлерімен кездесіп, Халықаралық ғарыш станциясына үздіксіз қолдау көрсетуге дайын екендерін білдірген.

Фото: Joe Raedle/AFP/Getty Images