Илон Маск Трамптан кешірім сұрады

Америкалық миллиардер Илон Маск АҚШ президенті Дональд Трамп жайлы жазған "кейбір" жазбалары үшін кешірім сұрады. Бұл туралы Azattyq-қа сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды.
"АҚШ президенті Дональд Трамп жайлы жазған кейбір постарым үшін өкінемін. Кейбір жазбаларым артық болды" деді Маск Х желісінде.
Бизнесмен қандай постары екенін ашып жазбады.
Маск пен Трамптың арасында не болып еді? 5 маусымда Маск Х желісінде Трамптың салық пен мемлекет шығыны туралы заң жобасын сынаған.
6 маусымда Трамп Масктан "көңілі қалғанын" айтып, "енді арамыз бұрынғыдай болмайды-ау" деген.
Маск Х желісінде "Менсіз Трамп сайлауда жеңілер еді, демократтар өкілдер палатасындағы көп орынды иеленіп, сенатта республикалықтарға жеңілер еді. Жақсылықты білмейді" деп жазды.
Трамп "Масктың компанияларымен келісім-шарттарды тоқтатып, мемлекеттік субсидиялардан айыру" жайлы жазды.
Маск мұнымен тоқтап қалмай, "нағыз бомба тастайтын уақыт келді" деп мәлімдеп, "Трамптың есімі Эпштейн файлында бар. Сондықтан бұл файл жарияланбай отыр" деп жазды. АҚШ-та қаржыгер Джеффри Эпштейнді кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрледі, балаларды бизнесмендерге қызмет көрсетуге итермеледі деп айыптаған.
Фото: Francis Chung/POLITICO

Ең көп оқылған
