Кандидаттар шалғай ауылдардың тынысымен танысуда

Malim Админ

  • 30.12.2020

Саяси науқан басталғалы «Nur Otan» партиясы атынан кандидаттыққа  ұсынылған үміткерлер барлық аймақтарды аралап, халықпен тікелей байланыс жасап кездесулер өткізуде. Карантиндік режимді сақтаған түрде түрлі форматтағы өткізіліп жатқан іс-шаралар нәтиже беріп, партияны қолдаушылар саны күннен-күнге артып келеді. Үгіт-насихат жұмыстары барысында ауданның барлық 71 елді мекені толық қамтылуы тиіс. Осы мақсатпен бүгін Сарыағаш аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Құдрет Қыстаубаев Ақжар ауылдық округінің шалғайдағы Бағыс елді мекенінің тұрғындарымен кездесті. Ауылдың тыныс-тіршілігімен танысып, партияның бағыт-бағдарын баяндап берді.

Бізге мемлекеттік органдар мен аудан тұрғындарының өзара қарым-қатынасының мүлдем жаңа сипатын қалыптастыру қажет. Ынтымақтастықтың басты қағидаттары ашықтық, есеп берушілік және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл болуы тиіс. Бұл үшін «Nur Otan» партиясы: электрондық форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді 100 пайызға жеткізуге; ауданның сауда объектілерінің 65 пайызын қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға көшуіне; «Nur Otan» ашық талқылау және аймақ тұрғындарының мәселелерін шешу алаңына айналдыруға; аудан тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту бойынша іс-шараларды өткізуде үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін іске қосуға ықпал етеді. Нәтижесінде 2025 жылға қарай «бір терезе» негізінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер 100 пайызға, сауда объектілерінің қолма-қол ақшасыз есеп айырысу көрсеткіші 65 пайызға жетіп, мемлекеттік қызметтердің 94 пайызы автоматтандырылады. Осылай партияның сайлауалды бағдарламаның тармақтарын жіті түсіндіріп, ұсыныс-пікірлерін тыңдап, алдағы сайлауда белсене қатысуға шақырды.

 «Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының баспасөз қызметі.

«Nur Otan» партиясының Түркістан облысы Сарыағаш ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді

Байланысты жаналықтар

Nur Otan:САРЫАҒАШТАҒЫ ГАЗ МӘСЕЛЕСІ ТОЛЫҚ ШЕШІЛЕДІ

29.12.2020

Сарыағаш тұрғындары партия бағытын қолдайды

28.12.2020

Мәселелер шешу алаңы кеңейеді

24.12.2020
MalimBlocks
Nur Otan:САРЫАҒАШТАҒЫ ГАЗ МӘСЕЛЕСІ ТОЛЫҚ ШЕШІЛЕДІ

Сарыағаш тұрғындары партия бағытын қолдайды

Мәселелер шешу алаңы кеңейеді