Кәсіби кеңес көлеңкедегі қаржыны жарыққа шығарады

Malim Админ

  • 27.02.2020

Салық және бюджет саясатының жүзеге жүйелі асуында аяққа оралатын көлденең кемшіліктер бар. Солардың бірі - кәсіпкерлік саладағы қаржының дұрыс бақыланбауы, соның кесірінен салық түсімінің кемдігі. Осы олқылықтың орнын алады деген жоба яғни, аудиторлық қызметке қатысты заң жобасы депутаттарға бүгін таныстырылды. Бастамашы топтың (бес депутат) қолға алған осы жобасы алға жүріп кетсе, онда елімізде аудиторлық қызметті реттейтін арнайы орган ­ ­- Кәсіби кеңес құрылмақ. Заң жобасын дайындаған жұмыс тобының жетекшісі Омархан Өксікбаевтің айтуынша, Кәсіби кеңестің басқарма құрамына Қаржы министрлігінің, «Астана» халықаралық қаржы орталығының, KASE қор биржасының және еліміздегі алты аудиторлық ұйымның өкілдері кіріп, корпаративті басқару жүйесін жасамақ.

Кәсіби кеңес аудиторлық компаниялардың жылына бір рет аударатын жылдық төлемі яғни,  жалпы алғанда 150 миллион теңгеге «күн көріп», қызмет етпек. Өксікбаевтың сөзінше, бұл қаржы кеңес ішінде құрылатын Сапа комитетіне жұмсалады және болашақта Кәсіби кеңес өзін өзі қаржыландыратын жағдайға жетеді. Ал бұл кеңес немен айналыспақ? Ұсынылған заң жобасы аудиторлық компаниялардың жұмысына өріс ашпақ. Мәселен, бүгінгі күнге дейін міндетті аудиторлық тексеруден ұлттық компаниялар, ірі акционерлік қоғамдар мен холодингтер ғана өтіп келсе, заң өзгерген жағдайда жылдық қорындағы айналымда 3 миллиард 976 миллион теңге жүрген жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер де жылына бір мәрте аудиторлық тексеруден өтуге міндеттеледі. Меже неге 3 миллиард 976 миллион теңге? Бұл сома қандай есеп-қисапқа қарап алынды? Заң жобасына бастамашы Омархан Өксікбаевтің өзіне осы меже ұнамайды екен.

«Негізі, аудиттен міндетті түрде өтсін деген меженің деңгейін аспандатып жібердік. Бізде жалпы алғанда 4 миллиард.  Ресейде -2,4 миллиард. Беларусьте - 1,9 миллиард теңге. Менің жеке ұстаныма салса, 200 миллионнан (теңгеден) артық қаржысы бар серіктестіктерге аудитті міндетті түрде жасатар едім. Неге? Бізге экономиканы көлеңкеден шығару  қажет. Әр кәсіпорын мен кәсіпкерліктегі қаржы айналымы таза жүруі шарт, - деді депутат.

Депутаттардың кейбірі қабылдануы мүмкін осы өзгеріске күмәнмен қарайды. Мәселен, депутат Н.Сабиляновтың ойынша, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтайшысы көп жағдайда бір адам. Яғни, серіктестің ішінде қаржылық қақтығыс не тартыс жоқ.

­«Оның үстіне, жауапкершілігі шектеулі серіктестік салығын төлеп жүрсе, қызметіне салық органдарының күдігі болмаса, ондай серіктестік не үшін өз ақшасына аудитор жалдап, қосымша шығындалуы керек? Одан кейін тағы да декларация тапсыр дейміз. Аудитор қызметі кемінде 3-4 миллион теңге емес пе?!» деді Н. Сабилянов.

Ал Өксікбаевқа әріптесінің бұл уәжі тіптен ұнамады.

­«Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің айналымында 4 миллиард теңге жүрсе, оның 2-3 миллионын аудиторлық тексеріске төлесе, мұрты қисайып қалмайды. Керісінше, серіктестіктің құрылтайшысы жалғыз болғанымен, оның бухгалтері заң талаптарын көп жағдайда сақтамауы мүмін, ал аудитор келіп қате- кемшіліктерін ашып көрсетіп берсе, өзіне жақсы», - деп шықты.

Бухгалтерлік қателік демекші, ұсынылған заң жобасының бір парасында электронды аудитті жүзеге асыратын арнайы жүйе құру көзделген. Қаржы министрлігіндегі департамент басшысы Арман Бектұрованың сөзінше, мұндай жүйе жыл сайын қайталана бертін қателіктердің алдын алмақ.

­«Қаржы саласында жылдан жылға кездесетін құқық бұзушылықтарды саралап көргенімізде заң талаптарын орындамайтын істердің 80 пайызы бухгалтерлік есепке тиесілі екенін анықтадық. Есебін дұрыс жүргізбеген бухгалтерлер арасында 60 пен 300 миллион теңге аралығында айыппұл төлеп отырғандары бар (Былтыр1400 бугхалтер түрлы  жауапқа тартылған-ред.). Егер серіктестіктерге міндетті аудит жүрсе, олар қателіктерін дер кезінде көріп, айыппұлдан құтылар еді. Екіншіден, электронды аудит жүйесі бір қатені мың рет қайталаудан құтқарады,- дейді Арман Бектұрова.

Сондай-ақ, заң жобасында жеке аудиторларды құқыққорғау органдарының жұмысына тарту тетіктері де қарастырылған. Бұл өзгеріс не үшін керек? Депутаттардың уәжіне қарағанда қазір құқыққорғау орындары мемлекеттік ішкі аудит қызметінен қылмысты ашуға көмек сұрап, тапсырмаға яғни, есеп-қисапты тексеру жұмысына үйіп тастаған. Осы себепті мемлекеттік ішкі аудит комитетінің бар жұмысы құқыққорғау органдарының өтінішін қарауға айналып кеткен. Екіншіден, қылмысты ашушы орган - мемлекеттік ұйым, ал ішкі аудит комитеті де мемлекеттік ұйым. Яғни, қылмысты ашуда мүделілік пен ым-жымдасу болуы мүмкін. Сондай жағдайды болдырмас үшін құқық қорғау орындарының есігін тәуелсіз аудиторларға ашып бермек.

Аудиторлық қызмет туралы заң жобасын дайындап, таныстырғандар жиында айтылған сын-ескертпелерді қарастырып, талқылаудың келесі кезеңіне шығармақ.

Байланысты жаналықтар

«Депутаттар, шығыңдар!». Ашынған әйелдер Парламент үйіне барды  

29.03.2023

«Amanat» партиясынан Мәжіліске баратын депутаттар кімдер?

28.03.2023

Депутат кім болуы керек?  Парламентке әртістер қажет пе?  

09.02.2023

Мәжіліс пен мәслихат сайлауының өтетін күні мәлім болды

19.01.2023

«Алтыншы Қаңтар» идет в парламент!

26.12.2022

Кто плюнул в Экибастуз, разобрался аманатовец Ерлан Саиров

30.11.2022
MalimBlocks
«Депутаттар, шығыңдар!». Ашынған әйелдер Парламент үйіне барды  

Олардың шағымын журналистер ғана тыңдады

«Amanat» партиясынан Мәжіліске баратын депутаттар кімдер?

Оларды Орталық сайлау комиссиясы тіркейді

Депутат кім болуы керек?  Парламентке әртістер қажет пе?  

Елдегі ерінбегеннің бәрі депутат болудан дәмелі

Мәжіліс пен мәслихат сайлауының өтетін күні мәлім болды

Мәжіліс депутаттарының 70 пайызы партиялық тізім арқылы сайланады

«Алтыншы Қаңтар» идет в парламент!

Журналисты Думан Мухаметкарим и Динара Егеубаева, а также гражданский активист Альнур Ильяшев, руководитель ОО «Независимые наблюдатели» Арайлым Назарова создают блок для выдвижения в мажилис по одномандатным округам. Об этом они сообщили в понедельник, 26 декабря, на пресс-конференции в Алматы.

Кто плюнул в Экибастуз, разобрался аманатовец Ерлан Саиров

Экибастузский мороз разбудил, хотя может и временно, депутатов правящей партии Amanat. На прошлой неделе, после того как из-за аварии на ТЭЦ город остался без тепла, группа бывших нуротановцев помчалась из Астаны прямо в зону бедствия. Что полезного депутатский десант успел сделать в замерзшем Экибастузе, кроме фотосессии, развеселившей соцсети, пока непонятно. Но если у кого и были конкретные результаты от поездки, так это у Ерлана Саирова.