Мәжіліс депутаты еліміздің жылу энергетикасындағы делдалдар жайлы айтты

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин «Жылу энергетикасы туралы» заң жобасының негізгі бағыттары мен мүмкіндіктері туралы айтты. Оның пікірінше, заңның қабылдануымен саладағы көлеңкелі схемалар тегіс жойылуы тиіс. Мәслен, Екібастұз ЖЭС-те 1 квт 8 теңге. Делдал компаниялар 1 квт-ы 25-28 теңгеден сатады. Олардың артында олигархтар тұр. Әйтпесе, жылына 1 млрд теңгеге дейін пайда таппас еді, деп хабарлайды Malim.kz.

Malim Админ

  • 03.04.2024

Өздеріңіз білесіздер, бүгінгі таңда «Жылу энергетикасы туралы» жеке салалық заң жоқ. Бұл заңнамадағы олқылықтардың орын алуына және осы салада стратегиялық мақсаттар мен даму жоспарларының жоқтығына, электр энергетикасы саласындағы көптеген мәселелердің қордалануына әкеп соқтырды. Сонымен қатар, саланың инвестициялық тартымдылығының жоқтығы, кәсіпорындардың тиімсіздігі де көзге көрініп тұр, - деді депутат.

Заң жобасындағы негізгі жаңа нормалар бірнеше өзекті мәселеге бағытталған.

Біздің болжамды есебіміз бойынша әрбір делдал жылына кемінде 1 миллиард теңге таза пайда көреді. 120-дан астам реттелмейтін ұйымдардың бір жылдық таза табысы – кемі 150 миллиард теңге. Бұл – әзірге болжам цифрлар, нақтысын ешкім білмейді. Өйткені, бұлар ешкімге есеп бермей, тек делдалдық қызмет арқылы, кеңседегі азғантай ғана қызметкерлерімен, халықтың адал табысынан миллиардтап қаржы тауып отыр. Сорақысы, бұл ұйымдардың балансында бір метр электр желісі, тіпті электр бағаны мен трансформаторы жоқ. Мысалы, кейбір өңірлерде делдалдардың тарифіндегі таза пайда бір кВт сағат үшін 25 теңгеге жеткен. Ал, Қазақстандағы ең ірі Екібастұз 1-ші электр станциясының 1 кВт сағат электр энергиясын өндіру тарифі – 8 теңге. Делдалдар ештеңе өндірмей-ақ станциялармен салыстырғанда кемі 3 есе пайда көріп отыр, - дейді ол.

Айта кету керек, энергетика саласын мемлекеттік бақылаудың қазіргі қалыптасқан жағдайына Кәсіпкерлік кодекстің қабылдануы себепкер болған. Осыған байланысты құзырлы орган Кәсіпкерлік кодекстен электр станциялары мен «KEGOC» АҚ бақылау тәртібін алып тастауды ұсынды.

Бұл ретте депутаттар Кәсіпкерлік кодекстен алып тасталатын субъектілердің тізімін кеңейтіп, оған жылу көздеріне, электр және жылу желілеріне қызмет көрсететін ұйымдарды қамтуға қатысты түзетулер енгізуге бастамашылық жасап, қабылдады.

Жаңбыршиннің айтуынша, депутаттар энергетикалық компанияларды профилактикалық және жоспарлы тексеру арнайы кесте бойынша, прокуратура органдарының келісімінсіз жүргізілсін деген ұсыныс қосқан.

Кәсіпкерлік кодекс бойынша, бұрын энергетикалық компанияларды тексеру үшін прокуратураның келісімі керек болатын. Депутаттар энергетикалық компанияларды профилактикалық және жоспарлы тексеру арнайы кесте бойынша, прокуратура органдарының келісімінсіз жүргізілсін деген ұсыныс қосты. Ал осы тексерулер қорытындысы бойынша адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың мүддесіне қауіп төндіретін жағдай анықталса, онда да прокуратура келісімінсіз жоспардан тыс тексеру жүргізіледі, - деді депутат.

Сондай-ақ Еділ Жаңбыршин жазатайым оқиғаларға кінәлі тұлғалар өз міндеттеріне адалдық танытпағаны үшін жазаланғанын айтты. Ал жекелеген уәкілетті тұлғалардың басқаруындағы акционерлік қоғамның акционерлерін жабдықтардың жағдайының талапқа сай болмауына қатысты жауапкершілікке тарту заңмен қарастырылмаған.

Осы түзетулермен біз «Ескі Қазақстан» жүйесінің негізі болған барлық деңгейдегі делдалдарды жою бойынша AMANAT партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асырып жатырмыз. 20 жылдан астам уақыт бұрын либерализация және электр энергиясының бөлшек сауда нарығында бәсекелестікті енгізу идеялары аясында энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, яғни тұтынушыларға электр энергиясын көтерме бағамен сатып алып, басқа бағамен сататын компаниялар немесе жеке кәсіпкерлер пайда болды, - деді ол.

Осы орайда депутат делдалдарға түсінік берді.

Делдал компаниялар деп отырғаным – энергия жабдықтаушы ұйымдар. Қазіргі таңда бұл ұйымдардың реттелетін және реттелмейтін екі түрі нарықта жұмыс жасап отыр. Реттелетін ұйымдар тұрғындарға, заңды тұлғаларға және бюджеттік ұйымдарға қызмет көрсетуде және мемлекет тарапынан олардың операциялық шығындары ескеріліп, жабдықтау тарифінің орташа бағасы 1 кВт сағатқа 1 теңге жобасында бекітіліп отыр.

Ал реттелмейтін ұйымдар, тарифтерін өздері белгілейді, яғни оларға «әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ»! – деді Жаңбыршин.

Фото: Malim.kz

Байланысты жаналықтар

Мұсаев: Трамп КСРО агенті

20.02.2025

Тоқаев: Еңбек қауіпсіздігі қатаң бақылауда болуы тиіс

20.02.2025

Трамп Американың Украинаға берген қаржысының есебін сұрай бастады

20.02.2025

Трамп Зеленскийді «диктатор» деп атады

20.02.2025

Америка шетелдік қылмыстық ұйымдарды қудалауды бастады

20.02.2025

Олжас Бектенов әкімдер мен министрлерге жаңа міндет қойды

20.02.2025
MalimBlocks
Мұсаев: Трамп КСРО агенті

Тоқаев: Еңбек қауіпсіздігі қатаң бақылауда болуы тиіс

Трамп Американың Украинаға берген қаржысының есебін сұрай бастады

Трамп Зеленскийді «диктатор» деп атады

Америка шетелдік қылмыстық ұйымдарды қудалауды бастады

Олжас Бектенов әкімдер мен министрлерге жаңа міндет қойды