Мемлекет басшысы Асиф Али Зардариді Пәкістан президенті лауазымына сайлануымен құттықтады

Malim Админ

  • 11.03.2024

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Ислам Республикасының жаңадан сайланған Президенті Асиф Али Зардариге құттықтау жеделхатын жолдады.

«Сіз мол өмірлік тәжірибеңіз бен көреген саясатыңыздың арқасында еліңіздің одан әрі өсіп-өркендеуіне зор үлес қосатыныңызға сенімдімін. Біз Пәкістанмен арадағы шынайы достық пен өзара құрметке негізделген берік серіктестікті жоғары бағалаймыз. Халықтарымыздың игілігі үшін екіжақты ынтымақтастықты нығайтып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашу үшін Өзіңізбен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейміз деп үміттенемін», – деп жазылған жеделхатта.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Асиф Али Зардаридің бастамаларына табыс, ал Пәкістан халқына бақ-береке тіледі.

Байланысты жаналықтар

Пәкістандағы жарылыстан 59 адам көз жұмған 

31.01.2023

Ауғанстан президентінің қай елді паналағаны белгілі болды

19.08.2021

Шет мемлекет атауларын жаңа әліпбиде қалай жазу керек?

17.03.2021
MalimBlocks
Пәкістандағы жарылыстан 59 адам көз жұмған 

150-ден астамы жараланды

Ауғанстан президентінің қай елді паналағаны белгілі болды

Шет мемлекет атауларын жаңа әліпбиде қалай жазу керек?