457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Орталық Азия – Қытай» ІІ саммиті басталды

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында «Орталық Азия – Қытай» ІІ саммиті жұмысын бастады.


Іс-шараға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚХР төрағасы Ци Цзиньпин,  Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов  және Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қатысып жатыр.

Айта кетерлігі, «Орталық Азия - Қытай» І саммиті 2023 жылдың 19 мамырында Қытайдың Сиань қаласында өтті. Сол кезде Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мен Қытайдың екінші саммитін Қазақстанда өткізуге әзір екенін жеткізді. Саммит қорытындысында Сиань декларациясына қол қойылып, екінші саммитті 2025 жылы Қазақстан өткізу туралы шешім қабылданды.

ІІ саммит қарсаңында, кеше елордада Қазақстан мен Қытай арасындағы ықпалдастыққа тың серпін беретін бірқатар маңызды іс-шара ұйымдастырылды. Атап айтқанда, Орталық Азия — Қытай: Энергетика» форумы өтті.

Онда Қытай компанияларының қатысуымен елімізде жаңартылатын энергия бойынша 30 жоба жүзеге асырылып жатқаны айтылды.

Ал «Орталық Азия — Қытай» екінші индустриялық-инвестициялық ынтымақтастық форумында Қазақстан мен Қытай жалпы сомасы 25 миллиард АҚШ долларына жуық шамамен 60 түрлі келісімге қол қойды.

Мұнан бөлек, Қытай мен Орталық Азияның «Тату көршілік және достық: болашаққа бірге қадам» атты гуманитарлық алмасу форумы ұйымдастырылды.

Бүгін «Орталық Азия — Қытай» іскерлік кеңесінің екінші отырысы өтіп жатыр.

Фото: Gov.kz