Президент Astana Think Tank форумына қатысты

Адамзат сын-қатерлермен бетпе-бет келіп отыр

Malim Админ

  • 17.10.2024

Мемлекет басшысы Astana Think Tank форумының пленарлық отырысында сөз сөйледі. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жиын қатысушыларына ілтипат білдіріп, бұл диалог алаңы Астана халықаралық форумының аясында құрылғанын, ең өзекті жаһандық және өңірлік мәселелер жөнінде пікір алмасуға арналғанын атап өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

- Өздеріңізге мәлім, бүгінде адамзат аймақтық қақтығыстар, экономикалық тұрақсыздық, климаттың өзгеруі, азық-түлік және көші-қон қауіпсіздігі секілді бұрын-соңды болмаған сын-қатерлермен бетпе-бет келіп отыр. Аталған жаһандық проблемалар бәрімізді толғандырады және оған төтеп беретін шараларды бірлесе іздегеніміз жөн. Біздің келешегіміз қаншалықты күш-жігер біріктіріп, ортақ келісімге келе алатынымызға тікелей байланысты. Сондықтан Қазақстанның бұл маңызды үдеріске атсалысуын зор мәртебе санаймыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы әлемнің жікке бөлінуі күшейіп, көпжақты халықаралық институттардың беделі әлсіреген сайын, орта державалардың рөлі арта түседі деп санайды.

- Ірі державалар бақталастыққа бой алдырып, бір мәмілеге келе алмай жатқан кезде, дау-дамайды реттеуге орта державалар жиі дәнекер болады. Осылайша олар жаһандық ынтымақтастықтың іргесі шайқалмауына ықпал етеді, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев форум қатысушыларына еліміздің өсіп-өркендеуі және қоғамның демократиялық талпыныстарын жүзеге асыру үшін Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды саяси реформалар жөнінде айтты. Оның пікірінше, АЭС құрылысы бойынша таяуда өткен жалпыхалықтық референдум еліміздің демократиялық құндылықтарға бейіл екенін көрсетті.

Мемлекет басшысы жүргізіліп жатқан реформалар ішкі тұрақтылықты сақтауда ғана емес, экономикалық өсімге және шетелдік инвестицияларға қолайлы жағдай жасау ісінде де маңызды екенін атап өтті.

Фото: Ақорда

Байланысты жаналықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президентіне көңіл айтты

18.12.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Францияға мемлекеттік сапармен барды

05.11.2024

Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

25.10.2024

Қазақстанда академиялық хаб құрылады

18.10.2024

Президент Тоқаев Ресей-Украина соғысы жайлы айтты

17.10.2024

Президент Премьер-Министр Олжас Бектеновті қабылдады

24.09.2024
MalimBlocks
Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президентіне көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Францияға мемлекеттік сапармен барды

Ертең Президенттер келіссөз жүргізеді

Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Ұлттық мерекені Республика бойынша ресми түрде атап өту осы салтанатты шарадан басталды

Қазақстанда академиялық хаб құрылады

Білім және ғылым мен инновация салаларындағы ынтымақтастықты ұлғайтудың маңызы зор

Президент Тоқаев Ресей-Украина соғысы жайлы айтты

Ресейдің әскери тұрғыдан жеңілмейтіні анық

Президент Премьер-Министр Олжас Бектеновті қабылдады

Мемлекет басшысына барлық өңірде алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқаны жөнінде баяндалды