Қайрат Келімбетов жаңа қызметке тағайындалды

«Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Нематұлы Келімбетов Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы болып тағайындалды деп хабарлайды Ақорда.
Қайрат Келімбетов 1969 жылы Алматы қаласында туған. ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы болған. 2012-2013 жылдары Қазақстан Республикасы премьер-Министрінің орынбасары лауазымында макроэкономика, бюджет саясаты, мемлекеттік активтерді басқару және қаржы секторы, салық және кеден саясаты мәселелеріне жетекшілік етті. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы атынан Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің төрағасы болды. 2011 жылы ҚР Экономикалық даму және сауда министрі қызметін атқарды.
2008-2011 жылдары Келімбетов мырза республиканың барлық мемлекеттік активтерін біріктірген «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорын басқарды. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, «Қазына» тұрақты даму мемлекеттік қорының басшысы, экономика және бюджеттік жоспарлау министрі қызметтерін атқарған. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңесте, ҚР Стратегиялық жоспарлау агенттігін басқарды, ҚР Қаржы бірінші вице-министрі болды.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
«Депутаты, выходите!» Как открывали сессию парламента
Напрасно перед открытием сессии окончательно обновленного парламента журналисты беспокоились, что различать депутатов, еще вчера развлекавших публику на каких-нибудь тоях да инстаграм-тусовках, будет невозможно. Некоторые обремененные мандатом креативщики с первого дня вырвали к себе внимание. Блогер Даулет Мукаев, например, украсил голову красивой тюбетейкой, и никто не ругал его за нарушение парламентского дресс-кода. Правда «пилить контент» на открытии сессии у него даже при желании не получилось бы. У входа в зал совместных заседаний депутатов и чиновников заставили оставить смартфоны в специальных ящичках. Такого даже в старом Казахстане не было.