Қаңтар оқиғасы. «КамАЗ»-бен әскериді басып өлтірген қызылордалық сотталды

Әскерилерге қарай бұрып, өзі көліктен секіріп түскен

Malim Админ

  • 30.11.2022

Қызылорда облысында қаңтар оқиғасы кезінде әскери қызметшіні көлікпен басып кеткен адамға үкім шықты. 

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жаппай тәртіпсіздікке қатысты, сондай-ақ әскери қызметшінің өміріне қол сұғушылық жасады және терроризм актісін жасады деп айыпталған Қ-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

2022 жылдың 5 қаңтарында сотталушы Қ. «А» сауда үйінің алдында жаппай тәртіпсіздікке қатысып, әскери қызметші Т-ға күш қолданған.

Оның басқаруындағы «Камаз» әскери көлігін басып алып, оның руліне отырып, газ педалін еденге дейін басып, кірпішпен тіреп, шегініп жатқан әскери қызметшілерге қарай бұрып, өзі көліктен секіріп түскен. Салдарынан жүк көлігі әскери қызметші М-ны басып, ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған. Сотталушының кінәсі куәлардың айғақтарымен, қылмыстық іс материалдарына тіркелген бейнежазбалармен, сондай-ақ сот-медициналық сараптама қорытындысымен дәлелденді.

Мемлекеттік айыптаушы сотталушыны 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Жәбірленушінің өкілі - өмір бойына соттауды, ал сотталушының адвокаттары - оны ақтауды сұрады. Қылмыс ауыр және аса ауыр қылмыстар санатына жатады, оны жасағаны үшін ең жоғары жаза - өмір бойына бас бостандығынан айыру. Қоғамдық қауіптің сипаты мен дәрежесін, жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайды ескере отырып, сот Қ-ны 17 жылға бас бостандығынан айырды.

Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтейді. Терроризм актісі эпизоды бойынша сотталушы ақталды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.  

 

 

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

16.04.2025

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

16.04.2025

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

16.04.2025

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

15.04.2025

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

15.04.2025

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

15.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директоры Даниил Шулейконы қабылдады

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

Астанада Қауіпсіздік кеңесінің жұмыс отырысы өтті

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аумақ тұтастығы туралы ұстанымына қарсы екенін айтқан еді. Саясаттанушы Ғазиз Әбішев бұл мәселеге қатысты пікір білдірді

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады