Қазақстан мен Қырғызстанның премьер-министрлері су мәселесі бойынша кездесу өткізді

Malim Админ

  • 24.02.2025

Қазақстан мен Қырғызстан премьер-министрлері сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту шараларын талқылады, деп хабарлайды Malim.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада Қазақстан Республикасының премьер-министрі Олжас Бектенов пен алғашқы ресми сапарымен келген Қырғыз Республикасы министрлер кабинетінің төрағасы – президент әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді.

Тараптар Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қырғызстан президенті Садыр Жапаров арасында қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын қарады. Онда сауда-экономикалық, инвестициялық, транзиттік-көлік, су-энергетикалық, туристік, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық, сондай-ақ АӨК-ке қатысты мәселелердің кең ауқымы қамтылды.

«Мемлекет басшыларымыздың өзара сенім мен шынайы достық рухындағы тұрақты байланыстары біздің көпқырлы қатынастарымызды жаңа белестерге көтеруге ықпал етті. Сауда байланыстарын нығайту және тереңдету екі ел экономикасының дамуына мультипликативті әсер етеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда көрсеткіштері тағы да артып, 1,7 млрд долларды құрады. Сонымен қатар біз сауда-экономикалық өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту үшін айтарлықтай әлеуетті көріп отырмыз», - деп атап өтті Олжас Бектенов.

«Шын мәнінде, екі бауырлас мемлекет арасындағы екіжақты ынтымақтастығы ерекше стратегиялық сипатқа ие. Ежелден бауырлас халықтарымызды ғасырлар бойы қалыптасқан достық, тату көршілік және туысқандық қарым-қатынас, ортақ мәдениет, тіл, тіпті салт-дәстүріміз байланыстырады. Бұл кездесу екі тарапты да қызықтыратын көптеген мәселелер бойынша пікір алмасуға, екі елдің мүдделеріне сай келетін жаңа ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік береді деп сенемін», - деп атап өтті Адылбек Қасымалиев.

Келіссөздер барысында әлеуетті ашу және тауар айналымын арттыру тетіктері талқыланды.

Транзиттік-көлік саласында қазақ-қырғыз шекарасының өткізу қабілетін арттыру бойынша кешенді шаралар іске асырылуда. Шекарада «Ақсу» – «Камышановка» және «Бесағаш» – «Кичи-Капка» бекеттері сияқты автомобиль өткізу пункттерін жаңғырту және кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ «Сортөбе» – «Токмок» және «Ауқатты» – «Кен-Булун» өткізу бекеттерін дамыту жоспарланған.

Су-энергетика саласындағы ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлінеді. Шу және Талас өзендері бойында вегетациялық кезеңде сумен қамтамасыз ету, Киров су қоймасын қауіпсіз пайдалану және өңірлік энергетикалық қауіпсіздік мәселелері талқыланды.

Туризм – өзара тиімді ынтымақтастықтың маңызды бағыты. Жаңа туристік бағыттарды дамыту шаралары оның ішінде, трансшекаралық эко-бағыттар құру, белсенді туризм үшін инфрақұрылымды дамыту және қонақ үй бизнесіне инвестициялар тарту мәселелері талқыланды.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық желісі бойынша биыл Қырғызстанда Қазақ киносы күндерін өткізу жоспарланған, сондай-ақ Қырғызстан аумағында қазақстандық жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу мәселелері пысықталуда.

Келіссөздер қорытындысы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстан Үкіметі қазақ-қырғыз сауда-экономикалық әріптестігінің жоғары серпінін қолдауға дайын екенін атап өтті.

Фото: istockphoto.com

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

16.04.2025

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

16.04.2025

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

16.04.2025

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

15.04.2025

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

15.04.2025

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

15.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директоры Даниил Шулейконы қабылдады

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

Астанада Қауіпсіздік кеңесінің жұмыс отырысы өтті

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аумақ тұтастығы туралы ұстанымына қарсы екенін айтқан еді. Саясаттанушы Ғазиз Әбішев бұл мәселеге қатысты пікір білдірді

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады