Қазақстанның ҰҚШҰ-ға төрағалығы кезінде алға қойылған міндеттердің бәрі орындалды – Тоқаев

Арман Қайыпхан

  • 28.11.2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шағын құрамдағы сессиясына қатысты, деп хабарлайды Malim.kz.

Сессия отырысына Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Ресей президенті Владимир Путин, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, сондай-ақ ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов қатысты.

Мемлекет басшысы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Еуразия кеңістігіндегі бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ететін негізгі құрылымдардың біріне айналғанын атап өтті.

– ҰҚШҰ қазіргі сын-қатерлер жағдайында ұйымға мүше барлық елдер үшін қауіпсіздік кепілі ретінде өзінің қажет екенін көрсетіп отыр. Біздің үйлесімді әрекеттеріміз, өзара сенім мен қолдауымыз ең қиын әрі ауқымды міндеттерді шешу жолындағы ұжымдық қабілетімізді нығайтады. ҰҚШҰ – жай ғана әскери серіктестік емес, мемлекеттеріміздің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау мақсатындағы күш-жігеріміз бен ресурстарымызды біріктіретін бірегей механизм екенін атап өткен ләзім, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Қазақстанның ҰҚШҰ төрағасы ретінде ұйымға мүше елдер арасындағы тығыз қарым-қатынасты нығайтуға, дағдарыс жағдайларында жедел әрекет ету тетіктерінің тиімділігін арттыруға бар күш-жігерін жұмсағанын айтты.

Сондай-ақ терроризм, кибершабуыл, трансұлттық қылмыс және заңсыз есірткі айналымы секілді қазіргі заманның қауіп-қатерлеріне қарсы күресте Ұйым мүмкіндіктерін жетілдіруге баса мән берді.

– Ұйымның жарғылық органдарының отырыстары, әскери оқу-жаттығу жиындары және профилактикалық операциялар жоспарлы түрде ұйымдастырылды. Сыртқы істер және қорғаныс министрлері ұжымдық қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін қарастырды. Қауіпсіздік кеңесі хатшылары мен парламент спикерлерінің деңгейінде кездесулер өтті. Ұйымның қосымша және жұмыс органдарының кеңестері өткізілді. ҰҚШҰ қызметінің түрлі бағыттары бойынша консультациялар жасалды. Сессияаралық кезеңде бірқатар маңызды құжаттар қабылданды. Олар халықаралық ынтымақтастық, қорғаныс саласындағы ықпалдастық, сондай-ақ ұжымдық қауіпсіздіктің өзекті сын-қатерлері мен қауіптеріне қарсы іс-қимыл мәселелерін қамтиды. Ұлы Жеңістің 80 жылдығын атап өтуге қатысты дайындық жұмыстарына айрықша мән берілді. Бүгін бізге Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің тиісті мәлімдемесі ұсынылады. Жалпы, Қазақстан Республикасының Ұйымға төрағалығы кезінде қойылған міндеттердің бәрі орындалды. Біз белгілеген басымдықтарды жүзеге асыруға қолдау көрсеткендеріңіз және бірлесе нәтижелі жұмыс атқарғандарыңыз үшін алғыс айтамын, – деді Мемлекет басшысы.

Жиын барысында халықаралық және өңірлік қауіпсіздік мәселелері талқыланды. Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасының 2024 жылы ҰҚШҰ-ға төрағалығы қорытындыланды және алдағы кезеңнің жоспары нақтыланды.

Фото: Ақорда

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

16.04.2025

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

16.04.2025

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

16.04.2025

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

15.04.2025

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

15.04.2025

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

15.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директоры Даниил Шулейконы қабылдады

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

Астанада Қауіпсіздік кеңесінің жұмыс отырысы өтті

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аумақ тұтастығы туралы ұстанымына қарсы екенін айтқан еді. Саясаттанушы Ғазиз Әбішев бұл мәселеге қатысты пікір білдірді

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады