Қазақтар тағы да Ауғанстанда соғыса ма?

Олжас Қасым

  • 13.08.2021

Ауғанстандағы ірі қалалардың бірі Қандағарды да тәліптер жаулап алды. Біріккен Ұлттар Ұйымының қауіпсіздік кеңесі террористік ұйым деп таныған «Талибан» қозғалысы қазір Ауғанстанның жартысынан көбін өз бақылауына алған. Ресми Вашингтон АҚШ әскері ауған жерінен шығады дегенде сарапшылар Орталық Азияның тыныштығына қауіп төнеді деген болжам жасаған еді.

Сарапшылар сөзі шындыққа айналып келе жатқандай. Қазір тәліп әскері Тәжікстан мен Ауғанстан шекарасында тұр. Ресми Душанбе Ұжымдық қауіпсіздік келісімі (ОДКБ) әскери-саяси ұйымынан көмек сұрады. Ресей Тәжікстандағы  әскери базасына соғысқа тиіс қару-жарақ жеткізіп үлгерді. Бұл одаққа 1992 жылдан бері Қазақстан да мүше. Яғни Тәжікстанға қауіп төнсе қазақ әскері 1979 (1979 жылы КСРО жауынгерлері Ауғанстанға басып кірді-авт) жылдағыдай майданға кіре ме деген сауал туындайды.

«Мен Тәжікстанда болдым. Тәжіктер өте сақ отыр. Бір топ генералдары арнайы мейманханада үйлеріне бармай жатқандарын көргенмін. Бұлар неге былай тұрады деп сұрадым. Сөйтсем аяқасты дабыл қағылса бір жерден табылмақшы екен.  Олар үшін Ауғанстан үлкен қауіп тудырып отыр. Тәліптер іргеде отырғанда тәжіктерге шетелдіктер инвестиция салғысы келмейді ғой. Сөздің шыны керек, алпауыт елдер ауған жерін әскери сынақ алаңына айналдырып жіберді. Талибан қазір Ауғанстанның 80% жаулап алды. Олардан бізге қауіп жоқ. Іргелес елдерге бар. Бірақ бір жағдай болып қалса ұжымдық келісімді орындауға тиіспіз», - дейді Ауған соғысының ардагері, мәжіліс депутаты Бақытбек СМАҒҰЛ Мalim.kz сайтының тілшісіне.

Саясаттанушы Максим КАЗНАЧЕЕВ Ауғанстандағы саяси өзгерістердің Қазақстанға жанама әсері болатынын айтады. Сондықтан да Қазақстан үкіметі дайындалуы тиіс деген пікір айтады.

«Талибан солтүстік правинциядағы тәжік, өзбек, түркмендерге қысым жасауы ықтимал. Бұл босқындар көбейеді деген сөз. Олар бірінші кезекте өз атажұрттарына барады. Бірақ ол елдердің жәрдемақы беруге, медициналық көмек көрсетуге мұршалары жоқ. Демек олар біздің оңтүстік аймақтарға қашып келуі әбден мүмкін. Сондықтан қазірден босқындар лагерін дайындау қажет. Бірақ пандемия жағдайында Қазақстанның да бұған қауқары жетпес. Қысқасы, босқындардың ағынына қалай дегенмен де дайын болу керек. Ия, ұжымдық келісім бойынша көршімізге қауіп төнсе қолға қару алуға тура келеді. Бірақ Ауғанстан шекарасына өтпеуіміз керек. Тек келісім бойынша одақтас елдің шекарасын ғана қорғауға жәрдем береміз», - дейді саясаттанушы Мalim.kz сайтының тілшісіне.

2000 жылы Тәжік-Ауған шекарасына бітімгер ретінде барған қоғамдық белсенді Қуат АХМЕТ Ауғанстаннан ешқандай қауіп жоғын айтады. Үрей туғызып отырған ресейлік пропаганда дейді.

«ОДКБ ұйымының Ауғанстанмен соғысуы мүмкін емес. Сондықтан Қазақстанға еш қауіп жоқ. Жуырда тәліптер Ресейге барып келді. Қаруды сол жақтан алады. Не сонда өздерімен өздері соғыса ма?  Ресей осы жерде тағы да өз мүдесін ойлап отыр. Тәліптер арқылы Орталық Азияға үстемдігін орнатуды көздейді. Ал егер соғыс бола қалған жағдай болса, біздің әскер дайын емес», - дейді Қуат Ахмет.

Ауғанстан тақырыбы қазақ қоғамы үшін жат емес. Өйткені осы елде совет кезінде қазақ сарбаздары да соғысқан. Ауған соғысы КСРО әскерінің ауғанға басып кіріп, оның ішкі істеріне араласқанының салдарынан тұтанған. Қазақстаннан 22000 адам қатысқан. 761 қаза болса, 21 жауынгер хабарсыз кетті. 3000 жуық әскери мүгедек болып елге оралған. Алайда, совет үкіметі таратқан бұндай мәліметке халықаралық ұйымдар сенімсіздік танытқан.

Фото: news.myseldon.com

Байланысты жаналықтар

Дело Данебаева: адвокаты заявили отвод судье

09.06.2023

Қамаудағы журналист Думан Мұхаммедкәрімге жаңа айып тағылды

09.06.2023

Алтай Көлгінов алты ай болмай орнын босатты

08.06.2023

Астана экономикалық форумы әлемдік мәселелерді талқылайды

07.06.2023

Полиция қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға шектеу қойды

31.05.2023

Ердоғанның билікте қалуы Орта Азияға қалай әсер етеді?

29.05.2023
MalimBlocks
Дело Данебаева: адвокаты заявили отвод судье

Адвокаты подсудимого Тимура Данебаева, обвиняемого в разжигании межнациональной розни, заявили отвод судье Алматинского районного суда № 2 Гульжахан Убашевой. Данебаев известен тем, что в прошлом году подавал заявление в полицию на Касым-Жомарта Токаева. Он посчитал, что президент, заявив о нападении на Алматы «20 тысяч террористов», распространил недостоверную информацию.

Қамаудағы журналист Думан Мұхаммедкәрімге жаңа айып тағылды

25 тәулікке қамалған тәуелсіз журналист Думан Мұхаммедкәрімге жаңа айып тағылды. Адвокат Ғалым Нұрпейісовтің сөзінше, журналиске ҚР ҚК 258-бабы «террористiк немесе экстремистiк әрекетті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өзге де дем берушілік» бойынша айып тағылған»,- деп хабарлайды Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюросы.

Алтай Көлгінов алты ай болмай орнын босатты

Әлеуметтік төлемдер мөлшері қазіргі инфляциядан екі есеге төмендігі ашық сыналған еді  

Астана экономикалық форумы әлемдік мәселелерді талқылайды

Жаһан экономикасының ­өзекті мәселелерін талқылап, оларды шешудің төте жолдарын қарастырмақ

Полиция қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға шектеу қойды

Билік 4 миллионнан астам құрбан мен 25 мың атылған боздақтарды мансұқ етті

Ердоғанның билікте қалуы Орта Азияға қалай әсер етеді?

Қазірдің өзінде ұлттық валюталары рекордтық деңгейде құлдырап кеткен