freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Трамп: Иран қастандық жасаса, АҚШ жойқын соққы береді

Әлем
Трамп: Иран қастандық жасаса, АҚШ жойқын соққы береді
Фото: GETTY IMAGES

АҚШ президенті Дональд Трамп өзіне қастандық жасалған жағдайда Иранға жаппай зымыран соққысын жасау туралы алдын ала нұсқау қалдырды, деп хабарлайды Malim.kz BBC-ге сілтеме жасап.

Truth Social желісінде жариялаған жазбасында Трамп Иран билігі өзін өлтіруге әрекеттенсе немесе ондай әрекетті ұйымдастырса, Ислам Республикасына бағытталған мыңдаған зымыран қолданылатынын айтты. Оның сөзінше, қажетті бұйрықтар әлдеқашан берілген, ал АҚШ әскері мұндай операцияны орындауға толық дайын.

Сонымен бірге Трамп АҚШ пен Иранның келіссөздерді жалғастыруға келіскенін, себебі Тегеран Вашингтоннан диалогты қайта бастауға өтініш жасағанын жеткізді.

Соңғы апталарда екі ел арасындағы шиеленіс қайта күшейді. АҚШ Оман маңындағы сауда кемелеріне жасалған шабуылдарға жауап ретінде Иран нысандарына соққы жасап, Тегеранның мұнай экспортын жүзеге асыруына мүмкіндік берген лицензияның күшін жойды. Бұған жауап ретінде Иран АҚШ-тың Кувейт пен Бахрейндегі әскери базаларына соққы жасаған.

Сондай-ақ Трамп өзін Иранның «нысанадағы тұлғаларының бірі» екенін айтып, егер өзіне бірдеңе болса, Иранға бұрын-соңды болмаған ауқымда соққы беру жөнінде алдын ала тапсырма қалдырғанын тағы да қайталады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу