Расул Жұмалы: Әдетте Exit Poll ресми есептерден қатты алшақтамайды

Malim Админ

  • 11.01.2021

Әлеуметтік желіде әлі де ресми жарияланбаған сайлау қорытындысына қатысты елді сабырлыққа шақырған жазбалар шыға бастады. Олардың арасында есімі елгілі саясаттанушылар да бар. Мәселен, саясаттанушы Расул Жұмалы Facebook парақшасына былай деп жазыпты(үтір-нүктесін де өзгертпедік):

Парламенттік сайлау өз мәресіне жетіп қалды. Алдынала мәліметтер бойынша ел аумағында дауыс беруге хақылы азаматтардың 63 пайызы өз ықтиярын білдірді. Халықаралық тәжірибеде бұл өте жақсы көрсеткіш болып табылады. Әсіресе пандемияға байланысты шектеулерге, ауа райының қолайсыздығына, сондай-ақ қордаланған күмән мен реніштерге қарамастан Қазақстан азаматтарының басым бөлігі реформалардың өркениетті жолын қалайтынын көрсетті. Сайлау қорытындысына келер болсақ, әзірше "Қоғамдық пікір" Орталығы ұйымдастырған Exit Poll нәтижелеріне сәйкес дауыстар үлесі келесідей орныққан: Нұр-Отан - 71,97, Ақжол - 10,18, Халықтық партия - 9.03, Ауыл - 5,75, Адал - 3,07 пайыз. Әрине, бұл тек алдынала деректер. Десе де әдетте Exit Poll көрсеткіштері ресми есептерден қатты алшақтамайтынын ескерсе, сайлау қорытындысының нобайы қазірдің өзінде түсінікті сияқты. Көріп отырғанымыздай, басым көпшілік дауысты бұдан бұрын болжанғандай Нұр-Отан еншіледі. Электоралдық науқан әжептәуір тең дәрежеде жүргізілгені аталған жетістік әкімшілік ресурс емес, негізінен партия өткен кезеңде, әсіресе Covid-19 жайлаған 2020 жылы атқарған жұмысының жемісі деп бағалауға болады. Басқа партияларға келсек Мәжіліске өту шегін Ақжол мен Халықтық партия бағындырды. Бұнда да айтарлықтай тосын жаңалық болмады. Әрине, Ауыл және Адал партиялары соңғы уақытта өте үлкен жұмыс атқарғанын мойындау керек. Десе де саясат - аса консервативтік алаң болған соң екі-үш айлық белсенділік ұзақ мерзімді кешенді тірлікті алмастыра алмасына тағы бір мәрте көз жеткіздік. Бұл да оппозиция бағытында жүрген топтарға сабақ болғаны жөн. Түйінін айтқанда, меніңше, сайлау кереметтей болмаса да, демократиялық талаптарға бір табан жақын ахуалда өтті. Ал енді сайлау атты сынақтан екінің бірі сүрініп, тіпті құлап жатқанда, Қазақстан ұпайын жоғалтпай тәжірибе жинақтап толығып шыққаны қанағат тұтарлық шаруа.

Байланысты жаналықтар

Бірінші exit poll нәтижесі: дауыс берушілердің 69,8 пайызы АЭС құрылысын қолдады

07.10.2024

Тоқаев Расул Жұмалыны Ливанға жіберді

13.06.2022

Расул Жұмалы билік партиясының жеті қырын атады

05.06.2020

Ұлттық қордың ақшасы дұрыс жұмсалып жатыр ма?

22.04.2020
MalimBlocks
Бірінші exit poll нәтижесі: дауыс берушілердің 69,8 пайызы АЭС құрылысын қолдады

Қазақстан бойынша 10 249 референдум учаскесінде дауыс берілді.

Тоқаев Расул Жұмалыны Ливанға жіберді

Саясаттанушы Расул Жұмалы президент жарлығымен Ливандағы елші болды.

Расул Жұмалы билік партиясының жеті қырын атады

Ұлттық қордың ақшасы дұрыс жұмсалып жатыр ма?