Бірінші exit poll нәтижесі: дауыс берушілердің 69,8 пайызы АЭС құрылысын қолдады
Қазақстан бойынша 10 249 референдум учаскесінде дауыс берілді.
Референдумның бірінші Exit poll нәтижесінде халықтың 69,8 пайызы АЭС салуды қолдап дауыс берді.
- Үздіксіз ағын әдістемесінің көмегімен Қазақстанның 189 учаскесінде дауыс берген 283 519 азамат қамтылды. Олардан референдум аясында қойылған "Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» деген сұраққа қалай жауап бергені сұралды. Бұл ретте, exit poll нәтижесінде АЭС құрылысын қолдап, «иә» деп дауыс бергендер саны сауалнамаға қатысқан адамдардың 69,8 пайызын құрады. Сауалнамаға қатысқандардың 30,2 пайызы келісімін бермеген. Учаскелерге келу көрсеткіші 67,3 пайыз деңгейінде тіркелді, - деді «Астана – кешенді әлеуметтік зерттеулер институты» жеке қорының талдаушысы Әлібек Тәжібаев.
Әлібек Тәжібаевтың сөзінше, мәліметтердің қателігі 1,5 пайыз шамасында болуы мүмкін.
Қазақстанда 1 шілдедегі мәліметке сәйкес, 12 176 968 адам дауыс беруге хақылы деп танылған.
Фото: Кайрат Конуспаев/Vecher.kz