Ресей кибершпиондары Қазақстанды бақылауды күшейтті

Сарапшылар Мәскеудің «жақын шетелдердегі» ықпалын арттырмақ деп есептейді

Редактор Редактор

  • 15.01.2025

Ресеймен байланысты хакерлер Кремльдің Орталық Азияда экономикалық және саяси барлау ақпаратын жинау жөніндегі әрекеттерінің аясында кибершпиондық науқан жүргізуі мүмкін. Бұл туралы The Hacker News жазды, деп хабарлайды Malim.kz. 

Соңғы айларда Ресейдің Бас барлау басқармасымен (ГРУ) байланысы болуы мүмкін UAC-0063 хакерлік тобы Қазақстанды да қамтитын кибершпиондық науқанды іске қосқан. Зерттеушілер HATVIBE және CHERRYSPY зиянды бағдарламаларды қолданғанын, сондай-ақ «Double-Tap» әдісінің пайдаланылғанын тіркеді.

Науқанның мақсаты – дипломатия, энергетика және қорғаныс салаларына қатысты экономикалық және саяси ақпаратты жинау, деп санайды киберсарапшылар.

Хакерлер Microsoft Office құжаттарын пайдаланып, зиянды макростар қосқан, олар инфекцияның көп сатылы тізбегін жасайды. Файлды ашқан кезде жасырын процесс басталып, HATVIBE жүктеушісі орнатылады. Бұл жүктеуші қосымша модульдерді, оның ішінде CHERRYSPY қуатты зиянды бағдарламасын жүктейді. «Double-Tap» жүйесі қорғауды айналып өтіп, зиянды кодты конфигурация файлдарына жасырып, дәстүрлі мониторинг құралдарынан көрінбейтін жолмен жұмыс істейді.

Сонымен қатар, киберсарапшылардың пікірінше, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Латын Америкасындағы Куба мен Никарагуа мемлекеттері, кем дегенде, 8 ресейлік жеткізушіден SORM тыңшылық технологиясын сатып алған болуы мүмкін, бұл Ресейдің арнайы қызметтеріне хабарламаларды оқуға, сақтап алуға мүмкіндігін береді.

SORM – бұл интернет және телекоммуникациялық трафиктің кең спектрін провайдерлердің рұқсатынсыз оқуға қабілетті электрондық бақылау құрылғысы. Ол стационарлық және мобильді байланыс, интернет-трафик, Wi-Fi және әлеуметтік желілерді қадағалауға арналған және бұл ақпараттар іздеу мүмкіндігі бар деректер базасында сақталуы мүмкін.

Ресейдің бақылау технологияларын таратуы Мәскеуге «жақын шетелдердегі» ықпалын арттыруға жол ашады деп есептейді сарапшылар.

Фото: pexels.com

Байланысты жаналықтар

Қазақстан Ғаламдық киберқауіпсіздік индексіндегі орнын ілгерілетті

14.09.2024

ЭЦҚ-ның осал тұсы: петиция дауыстарын қолдан көбейтуге болады

11.08.2024

Балаларды интернет қаупінен қалай сақтандырамыз?

02.06.2024

Билік интернеттегі жұртты аңди ма?

07.12.2020
MalimBlocks
Қазақстан Ғаламдық киберқауіпсіздік индексіндегі орнын ілгерілетті

Еліміз Қытай, Австрия, Канада сынды елдермен бір қатарда тұр

ЭЦҚ-ның осал тұсы: петиция дауыстарын қолдан көбейтуге болады

Осал тұсы верификация жүйесінен анықталған

Балаларды интернет қаупінен қалай сақтандырамыз?

Полиция ата-аналарға негізгі ережелерді ұсынды

Билік интернеттегі жұртты аңди ма?