Ресей Киевке жаппай шабуыл жасады

Бұл соңғы 73 күнде болмаған ең ірі шабуыл.

Аялдар Күнтуған

  • 13.11.2024

                          Фото: REUTERS

Украина билігі соңғы 73 күнде алғаш рет Киевке Ресей әскерінің жаппай шабуыл жасағанын хабарлады. Бұл туралы ВВС жазды.

Ресей зымырандар мен дрондардың бірлескен қосыны арқылы шабуылдаған. Бұл соңғы 73 күнде болмаған ең ірі шабуыл. Бұл жөнінде Киев қалалық әскери әкімшілігінің басшысы Сергей Попко мәлімдеді.

Оның айтуынша, шабуылға әуеден соққылайтын қанатты зымырандар, КН-23/КН-24/Искандер-М баллистикалық зымырандар, Шахед типті дрондар және басқа да соғыс құрылғылары қатысқан болуы мүмкін.

«Киевтегі әуе дабылы дрондар шабуылы қаупіне байланысты таңғы алты жарымда жарияланды және ол кезде қанатты зымырандар Киев облысына қарай бағытталып жатты», – деп жазды Попко телерграм арнасында.

«Зымырандар Киевке жақындай бергенде, жау бір мезгілде астанаға баллистикалық соққы берді. Жаудың шабуылы дрондармен аяқталды», – деп жазды ол.

Киевке шабуыл екі сағаттан астам уақытқа созылған. «Бірнеше қанатты зымырандар, бірнеше баллистикалық зымырандар және он шақты дрон жойылды».

Украина әскери-әуе күштері шабуылға тойтарыс бергені туралы әзірге нақты хабарлаған жоқ. Ресей тарапы да бүгінгі шабуыл жайында ешқандай мәлімет таратпады. Киевте зардап шеккендер туралы толық ақпарат мәлім емес. Попконың мәлімдемесінен кейін тағы да әуе шабуылы жайында дабыл қағылған.

Бұған дейін Ресей Қорғаныс министрлігі алты аймақта 29 дронның атып түсірілгенін хабарлаған еді.

Әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері бір түнде Воронеж, Брянск, Белгород, Курск, Тверь және Пенза облыстарының үстінде Украинаның 29 әскери дронын атып түсірді, деп хабарлады ресейлік әскерилер

Байланысты жаналықтар

АҚШ Ресейді атқылауға рұқсат берді. Әлем ақпараты не дейді?

18.11.2024

Сырский: Курск шайқасы ұрыс майданына оң әсер етті

11.11.2024

Путин Трампты мақтап, диалог орнатуға дайынмын деді

08.11.2024

Сырскийдің тарихта қалар қос ерлігі…

07.09.2024

Қорғаныс министрлігі Ресейдің Дума депутаты таратқан ақпаратты «қауесет» деп атады

03.04.2024
MalimBlocks
АҚШ Ресейді атқылауға рұқсат берді. Әлем ақпараты не дейді?

«Мен Украина біз берген қаруды тек жебелерді тоқтату үшін ғана емес, садақшыларды өлтіру үшін де пайдалана алуы керек деп бірнеше рет айттым»

Сырский: Курск шайқасы ұрыс майданына оң әсер етті

Ресей аумағындағы әскери операциялар Донбасстағы ресейлік топты әлсіретуге ықпал етті

Путин Трампты мақтап, диалог орнатуға дайынмын деді

«Ол, менің ойымша, ерлерге тән батылдық көрсетті, – деді Путин Сочидегі «Валдый» клубының отырысында. – Осы сәтті пайдаланып, оны АҚШ президенті болып сайлануымен құттықтағым келеді».

Сырскийдің тарихта қалар қос ерлігі…

Екі жыл бұрын, 2022 жылдың 6 қыркүйегінде Украина Харьковті азат ету операциясын бастап жіберді.

Қорғаныс министрлігі Ресейдің Дума депутаты таратқан ақпаратты «қауесет» деп атады

Қазақстанның Қорғаныс министрлігі Татарстанға ұшқышсыз ұшақтар Қазақстаннан шабуылдады деген сөзді жоққа шығарды, деп хабарлайды Malim.kz.