Ресей Қытайдан қауіптенеді

Бұл туралы malim.kz The Business Times басылымына сілтеп хабарлайды.
Бұл жайт The New York Times басылымының қолына түскен ФСБ-ның сегіз беттік құпия баяндамасынан белгілі болған. Құжатта Қытай нақты түрде "жау" деп аталған. Баяндаманың мазмұнына келсек, Ресей барлаушылары Қытайдың көп нәрседен дәмесі болуы мүмкіндігіне нұсқайды. Мысалы, Қытай: Ресей-Украина соғысында батыстың қаруларының мүмкіндіктерін зерттегісі келеді; Ресейдің Қиыр Шығыстағы портты қалаларын аннексиялауды ойластырып жүрген болуы мүмкін; Ресейдің әскери технологияларын біліп алғысы келеді.
Құжатта, Қытай Владивосток сияқты Қиыр Шығыстағы қалаларды аннексиялау үшін ғалымдарға ғылыми негіздеме жасақтауға тапсырма берген болуы мүмкін деген тұспал болған. Ал қазір Қытайдың құпия ұйымдары ресейлік ғалымдар мен барлаушыларды жалдауға белсенді түрде кіріскені нақты аталып өткен.
Құжатты ФСБ-ның бұрын белгісіз болып келген бөлімі дайындаған, шамамен 2023 жылдың аяғы мен 2024 жылдың бас кезінде жазылған екен.
Фото: globaltimes.cn

Ең көп оқылған
