Ресей танымал адамдарды «террористер» тізіміне қосты
Тізімде Борис Акунин, Татьяна Лазарева, Евгения Беркович, Артур Смольянинов және басқа танымал тұлғалар бар.

2024 жылы Ресей «терроризм мен экстремизм әрекеттеріне қатысы бар адамдар» тізіміне 3165 адамды енгізген. Бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда екі есе көп: ол жылы «экстремистер мен террористер» тізіміне 1700-ден астам адамды қосқан. Бұл туралы «Америка дауысы» жазды.
2024 жылы тізімге енген үш мың адамның ішінде 2000-ы «терроризммен», қалған 900-і «экстремизммен» байланысты. Бұған дейін белгілі болғандай, тізімге енгізілген 160-тан астам адамға бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс істеуге, интернетте материалдар жариялауға, қоғамдық іс-шаралар ұйымдастыруға, сайлау процесстеріне қатысуға және қаржылық қызметтерді пайдалануға тыйым салынған.
Тізімге әскерге қарсы істер бойынша айыпталғандар, журналистер, жазушылар, құқық қорғаушылар, актерлер мен қоғамдық қайраткерлер де енген. Мысалы, тізімде Борис Акунин, Татьяна Лазарева, Евгения Беркович, Артур Смольянинов және басқа танымал тұлғалар бар.
Фотода Борис Акунин. “Комсомольская правда” сайтынан