Ресейдің ядролық қару қолдану қаупі жоғарылап келеді

Ресейде ядролық қару қолдануы мүмкін екеніне сенетіндер саны өскен.

Malim Админ

  • 16.12.2024

Келесі жылы Хиросима мен Нагасакиге атом бомбаларының тасталғанына 80 жыл толады. Атом бомбасын жоюы әлем халқы талап еткенімен,  ядролық қаруды қайта қолдану қаупі бұрынғыдан да жоғары, деп хабарлады The Japan News басылымы.

2024 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығын алған ұйымға 3 желтоқсанда Ослода тапсыру рәсімі өтті. Сол басқосуда 92 жастағы ұйымның тең төрағасы Теруми Танакаға Ресей Президенті Путинге арнайы үндеу жолдау сұралды. Өйткені Путин ядролық қаруды қолдану туралы бірнеше рет ескерткен болатын.
«Менің ойымша, Президент Путин ядролық қарудың адамзат үшін қандай қасірет екенін ойлап көрмеген және шын мәнінде түсінбеген», – деді Танака.
Ақпан айында халыққа жасаған жолдауында Путин Ресейдің ядролық әлеуетін мақтан етіп, оның көмегімен Америка Құрама Штаттары мен Еуропаны нысанаға алуға болатынын айтқан.
«Бізде олардың аумағындағы нысаналарды жоқ қылатын қарулар бар екенін түсінуі керек, – деп ескертті Путин. – Бұл өркениетті жою қатерін тудырады. Олар мұны түсінбей ме?»
Қараша айында Путин Ресейдің ядролық қаруды қолдануға арналған шекті жағдайды «мемлекеттің өмір сүруіне» емес, Ресейдің «мемлекеттік егемендігі мен аумақтық тұтастығын»  «қорғау» мақсатында төмендетті.
Levada орталығы жүргізген қоғамдық пікір зерттеуіне қарағанда, Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясында ядролық қарудың қолданылуы «мүмкіндігі жоғары» деп есептейтін ресейліктердің үлесі 39%-ға жетті.
Бұл 2023 жылдың сәуіріндегі (29%) және осы жылдың маусымындағы (34%) көрсеткіштен жоғары.

Ресей ядролық қаруды Иран мен Солтүстік Кореяға беруі мүмкін деген алаңдаушылық та бар. Олар Ресейдің Украинаға жасаған агрессиясын қолдайды.
НАТО-ның Бас хатшысы Марк Рютте 4 желтоқсанда өткен баспасөз конференциясында Ресейдің Солтүстік Кореяның ядролық және зымыран бағдарламаларын қолдайтынын, сол үшін Пхеньян Украинаға қарсы соғысы үшін қару-жарақ пен әскер бергенін айтты.

Байланысты жаналықтар

Биыл Нобель сыйлығын алған жапониялық қариялар ядролық қарудан бас тартуға үндеді

11.12.2024

Путин ядролық қару қолдану туралы тағы айта бастады

26.09.2024

Ұлыбритания мен Германия Ресейдің ядролық қаруын жоюды ойластырып жатыр

26.07.2024

Тоқаев: Қазақстан – ядролық қарудан әбден зардап шеккен ел

24.05.2024

Луиза Глюк әдебиет бойынша Нобель сыйлығын алды

08.10.2020
MalimBlocks
Биыл Нобель сыйлығын алған жапониялық қариялар ядролық қарудан бас тартуға үндеді

Ол қаладан қашып бара жатқан ауыр жараланған адамдарды көрді, жолдың екі жағында күйіктен бырысып қалған өліктер үйіліп жатты. Анасы екеуі әпкесінің мүрдесін «өз қолдарымен» өртеуге мәжбүр болды.

Путин ядролық қару қолдану туралы тағы айта бастады

Ресей президенті Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында ядролық тежеу доктринасына өзгерістер енгізуді ұсынды

Ұлыбритания мен Германия Ресейдің ядролық қаруын жоюды ойластырып жатыр

Басылымның мәліметінше, Ұлыбритания бұл зымырандарды Германиямен бірлесіп жасай алады.

Тоқаев: Қазақстан – ядролық қарудан әбден зардап шеккен ел

Президенттің пікірінше, көпұлтты және көпконфессиялы қоғам Қазақстан мен Сингапурдың ұтымды тұсы саналады.

Луиза Глюк әдебиет бойынша Нобель сыйлығын алды