457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Камбоджа Трампты ресми түрде Нобель сыйлығына ұсынды

Камбоджа АҚШ президенті Дональд Трампты Тайланд елімен шекарада бейбітшілікті қалпына келтіргені үшін ресми түрде Нобель сыйлығына ұсынды, деп хабарлайды Камбоджа баспа агенттігі.


Ел премьер-министрі Хун Манет жолдаған хатта Трамптың кандидатурасы оның бүкіл әлемде бейбітшілікті нығайтуға қосқан үлесі үшін ұсынылып отырғаны айтылған.

Ол дер кезінде іске араласып, үлкен қақтығыстың алдын алды. Өйтпегенде қаншама адам құрбан болуы мүмкін еді. Ол екі арасында бейбітшіліктің орнығуына жол салды,-деді ол.

Камбоджаның бұл ниеті туралы өткен аптада-ақ белгілі болған еді.

1 тамызда Камбоджа премьер-министрінің орынбасары Сун Чантол Трампқа бейбітшілікті орнатуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, бұл әрекеттің халықтар арасындағы достыққа қосқан үлесі үшін жеке тұлға мен ұйымға берілетін танымал халықаралық сыйлыққа лайықты екенін атап өтті.

Фото: GLOBAL LOOK PRESS