Ресейге қарсы соғысып жүрген қазақстандыққа азаматтық беру ұсынылды

Ол 2021 жылдың күзінен бері Украина үшін соғысып жүр

Malim Админ

  • 30.12.2022

Украина әскері сапында жүрген қазақстандық Жасұлан Дүйсембинге сол елдің азаматтығы берілуі мүмкін. Оған азаматтық беру туралы президент Зеленскийдің атына онлайн петиция жолданды.

Бұл жайында украиналық журналист Сергей Пейчев жазды. Оның айтуынша Жасұлан Дүйсембин азаматтығы болмаса да 2021 жылдың күзінен бері Украина үшін майдан даласында жүр.

«Украина қарулы күштерінің құрамында Украинаны қорғап жүрген қазақстандық Жасұлан Дүйсембинге азаматтық беруіңізді сұраймын. Дүйсембинов 2015 жылдан бері Украинада тұрады. Украиналық әйелі және екі баласы бар. Ол ел аумағындағы қақтығыстарда өз өмірін қатерге тігіп, майданда тер төгіп жүр. Сондай-ақ ІІІ дәрежелі «Ерлігі үшін» орденімен марапатталған. Донбасстағы шайқастардың бірінде оның төлқұжаты өртеніп кеткен болатын. Ал Мемлекеттік көші-қон қызметі оған Украина азаматтығын беруден бас тартып отыр», - деп жазылған жазбада.

Айта кетейік, Жасұлан Дүйсембин Арқалық қаласының тумасы. Астанадағы №16 орта мектепті бітірген. 2015 жылы Украинаға қоныс аударған.      

Байланысты жаналықтар

Украинада мобилизация мерзімі тағы ұзартылды

16.04.2025

Бәрі сотталады: шетелдегі соғыстарға қанша қазақстандық қатысқан?

16.04.2025

Германияның жаңа билігі Украинаға TAURUS зымырандарын беруді қолдап отыр

14.04.2025

Украинаның Сумскі қаласына жасалған соққыдан 100-ден аса адам жараланды

14.04.2025

"Хочу жить" жобасы Ресей Қорғаныс министрлігімен келісімшартқа отырған қырғызстандықтар тізімін жариялады

14.04.2025

"Рамштайндағы" кездесу: Украинаға 21 млрд еуро әскери көмек көрсетіледі

11.04.2025
MalimBlocks
Украинада мобилизация мерзімі тағы ұзартылды

Бәрі сотталады: шетелдегі соғыстарға қанша қазақстандық қатысқан?

1 сәуірде желіде Украинаға қарсы соғысқа қатысқан 660-тан аса қазақстандықтың аты-жөні бар тізім пайда болды. ҚР ІІМ бұл ақпарат расталмағанын айтып, тексеруді талап ететінін мәлімдеді. Tengrinews.kz редакциясы бұл мәселе бойынша ашық деректерді зерттеген

Германияның жаңа билігі Украинаға TAURUS зымырандарын беруді қолдап отыр

Украинаның Сумскі қаласына жасалған соққыдан 100-ден аса адам жараланды

Журналист Нұргелді Әбдуғани Украинадағы Сумскі қаласына жасалған соққы туралы айтты

"Хочу жить" жобасы Ресей Қорғаныс министрлігімен келісімшартқа отырған қырғызстандықтар тізімін жариялады

Ең жасы 18-де

"Рамштайндағы" кездесу: Украинаға 21 млрд еуро әскери көмек көрсетіледі